Қиналғанға қол ұшын бер

Бүгінде автокөліктердің отқа орануы – жиі кездесетін жағдайлардың бірі. Жолда жана бастаған автокөлікті көрсе, кейбірі дереу оған көмекке ұмтылса, енді біреулер оны көрмегендей өте шығады. Ал үшіншілері оқиға орнына жеткенімен, өртенген автокөлік иесіне көмектесуді ұмытып, «қызықты» көріністі әлеуметтік желіге жариялауды ғана ойлап, телефонына түсіре бастайды.
Олар жанып жатқан көлікті өшіруді, арнайы қызметтерге хабар беруді басқалар жасайды деп ойлайды. Ал құтқарушыларға, өрт сөндірушілерге, полицияға, дәрігерлерге және коммуналдық қызметтерге ТЖ немесе оқиға туралы кез келген уақыттаа жасалған қоңырау адамдардың өмірі мен мүлкін сақтап қалуы мүмкін. Дер кезінде жасалған хабарламаның пайдасы орасан болуы ғажап емес.
«Өзгенің қайғысына немқұрайлы қарама» тақырыбындағы әлеуметтік тәжірибенің басты мақсаты – өрт қауіпсіздігі мәдениетінің деңгейін және автокөліктерде өрт туындаған жағдайда жүргізушілердің ынтымақтастығын арттыру… Сонымен, 15 ақпанда Ақтөбе қаласының Қонаев көшесінде автокөлік түтіндеп, өртене бастады. Бұл – арнайы дайындалған көрініс. Автокөлік иесі өз бетімен өртті сөндіре алмағандықтан, жолдағы өтіп бара жатқан жүргізушілерден көмек сұрайды.
45 минуттық әлеуметтік тәжірибе барысында бір жақ қозғалыс бағыты бойынша өткен 85 автокөліктің тек 7-еуі ғана тоқтап (яғни 8%-ы), көмекке ұмтылды. Олардың барлығында өрт сөндіру құралы болды және дереу арада соларды алып шығып, көмектесуге тырысты.
Бұл шараны Ақтөбе облысы ТЖД қызметкерлері және «Қазақстан Республикасының Өрт қауіпсіздігі ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігі бірігіп ұйымдастырды. Ассоциацияның бастамасымен көмек беру үшін тоқтаған автокөлік иелеріне өрт сөндіру құралдары сыйға берілді. Бұл жерге «ABYZ» фото-бейне студия қызметкерлерін бейнетүсірілім жасау үшін шақыртқан болатын. Олар бұл жағдайды әлеуметтік желілерде жариялау үшін бейнекамераға және квадрокоптерді пайдалана отырып аэровизуалды түсірілім жасады.
Тәжірибе БАҚ өкілдерін де бей-жай қалдырған жоқ, олар қызығушылық танытып, барлық өткізіліп жатқан шараның бейнетүсірілімін жасап, өзгеге көмектесуге асыққан адамдармен сұхбаттасты.

Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*