Жемқорлықпен жаппай күрес

Елордалық Ішкі істер департаменті бөліністерінің жеке құрамымен ішкі істер органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және алдын алу мәселелері бойынша кездесу өтті.
Шараға Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Асқар Рахматулин, Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының аса маңызды істер жөніндегі офицері Абзал Бажбенов спикер ретінде шақыртылды.
2017 жылдың қорытындысы бойынша Астана қалалық Ішкі істер департаментінің жеке құрамы арасындағы қылмыстарды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу және жолын кесу бойынша қабылданып жатқан ұйымдастырушылық шаралары туралы Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Демеу Сапаров сөз сөйледі. Оның айтуынша, Тәртіптік комиссияның 26 отырысы өткен. Онда сыбайлас жемқорлық фактілері, қызметтік тәртіпті өрескел бұзу, лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамаудың 96 фактісі қаралды. 279 қызметкер, сонымен қатар, қармағындағылары түрлі заң бұзушылық жасауға жол берген бөліністердің 109 басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылған. 73 қызметкер теріс себептермен қызметтен шығарылды, 13-і атқарып отырған лауазымынан босатылды, 2 қызметкер арнайы атағынан бір сатыға төмендетілді, 38-і қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескертілді, 153 қызметкерге түрлі тәртіптік жаза қолданылды.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Асқар Рахматулин жұмысты құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесумен шектеп қоймай, олардың туындауына себеп болатын мән-жайларды анықтауға және жоюға, мониторинг жүргізуге, сыбайлас жемқорлық жайттарына ішкі талдауды жүзеге асыруға бағдарлауды ұсынды.
Кездесу соңында Астана қалалық ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Рустам Шарибаев: «Полиция қызметкерлері халықпен жұмыс жасауда үнемі алдыңғы қатарда жүреді. Біз азаматтардың қорғаушысы және көмекшісі болуға міндеттіміз. Сол себепті, әрбір қызметкер сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілікті таныту қажет», – деп кездесуді қорытындылады.

Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*