Ауған жаңғырығы

Адам жүрегіне жара, санасына ауыр салмақ түсірген сұм соғыс жылдарында қарсы келген жаудан жасқанбай, жасаған ерлікке мақтанбай, өмірінің өлшеулі бір бөлігі – жастық шағын оқ пен оттың арасында өткізген интернационалист жауынгерлер бұл күнде біздің ортамызда жүр. Олар қазіргі таңда түрлі салада еңбек етуде.
Жуырда қаладағы №46 жалпы білім беретін орта мектепте «От кешкен Ауғанстан ардагерлері» атты мәні зор кездесу өтті. Шарада алғаш сөз алған мектеп директоры Ибагүл Сатдыкова оқушыларға Ауған соғысы туралы түсінік беріп, кездесуге келген қалалық ішкі істер органдары ардагерлер ұйымының төрайымы, милиция майоры Клара Қуанышқалиеваны таныстырды. Одан кейін барлығы Ауған соғысында опат болған боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Алдымен сөз алған кездесудің құрметті қонағы Клара Саматқызы Ауған соғысы зардаптарын тебірене баяндады.
Қайын інісі мен жолдасының сол зұлмат майдан даласына барып, көздерімен көргендерін әңгімелеу Клара Саматқызына оңайға соқпады. Бүгінгідей кездесу ұйымдастыруға атсалысқан мектептің педагогикалық ұжымына, әскери жетекшісі Дулат Тілесовке және белсенді ата-аналарға басқарманың атынан алғысын айтты. Ардагер апаға мектеп басшылығы мерекелік сыйлық ұсынды. Мерекелік шағын концерт тамашаланды.

Гүламан ИСМАҒҰЛОВА, Орал қаласы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*