Жемқорлықты жою жауапкершіліктен басталады

Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі мүддесіне қарама-қайшы келетін құбылыс. Ең бастысы, сыбайлас жемқорлықтың қайшылық туғызатын кесірі – мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын түсіруге, көлеңкелі экономиканың дамуы үшін жағдай туғызуға, криминалдық құрылымдардың, халықаралық терроризм мен экстремизімнің позициясын нығайту сияқты құбылыстың болуына әкеп соғады.
Сыбайлас жемқорлық қазіргі заманда әлемдік масштабтағы проблема болып отыр, ол мемлекеттің саяси құрылысы мен экономикалық даму деңгейіне қарамастан, нарықтық экономикасы бар дамыған демократиялық мемлекеттердің өзінде де жойылмауда. Сыбайлас жемқорлық, әсіресе, мемлекет модернизациялау сатысында тұрған кезде жоғары болады. Дәл қазір Қазақстан жай ғана модернизациялаудан емес, қоғамдық, мемлекеттік және экономикалық құрылыстың түбегейлі өзгеру кезеңінде. Қазіргі кезде қазақстандық қоғамда болып жатқан процестер – біз секілді тәуелсіз жас мемлекеттерге тән құбылыс, ол сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қарсы күресті жандандыруды қажет етеді. Әлемдік практикаға қарасақ, сыбайлас жемқорлық ауыспалы кезеңдегі кез келген мемлекеттің міндетті атрибуты болып табылады. Қазақстанда бұл ахуалдың болуы бірқатар экономикалық институционалдық және әлеуметтік-мәдени объективті себептермен байланысты болып отырғаны анық.
Қазақстан үшін сыбайлас жемқорлықты тоқтату – мемлекеттік саясаттың басты мақсаттарының бірі. Сондықтан Президент өзінің кезекті халыққа Жолдауында сыбайлас жемқорлықпен ашық және аяусыз күресуді мемлекеттің он басым міндетінің бірі ретінде арнайы атап өтті. Сыбайлас жемқорлықты тиімді тізгіндеу ғана құқықтық мемлекет құрудағы жалпы танылған шарт болып отыр. Сыбайлас жемқорлықпен күресудің 2015-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында да оның әлеуметтік-экономикалық, нарықтық экономика құрылысының дамуын тежеп, инвестиция тарту мен демократиялық мемлекеттің саяси қоғамдық институттарына кері әсерін тигізетіндігі, еліміздің болашақтағы дамуына айтарлықтай қауіп төндіретіндігі айтылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үшін республикада заңнамалық база қалыптастырылған, атап айтсақ, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң», «Сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымдық тұлғалардың қызметіндегі тәртіпті нығайту бойынша шаралар туралы» Президент Жарлығы, сонымен қатар, бірнеше бағдарлама көлеңкелі экономиканың ауқымын, экономика саласындағы құқық бұзушылықтарды қысқартуға бағытталған. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғауға, сыбайлас жемқорлықтан келер қауіп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықты ашу жолын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық салдарын түзету, кінәлі деп танылғандарды жауапқа тарту арқылы мемлекеттік функцияларды орындайтын лауазымдық тұлғалар мен басқа тұлғалардың, оларға теңестірілгендердің, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін қамтамасыз етуге, ескерту, анықтау, жолын кесу және сыбайлас жемқорлықпен күресудің негізгі принциптерін, сыбайлас жемқорлықпен байланысқан құқық бұзушылық түрлерін, сонымен бірге, жауапкершіліктің басталу шарттарын анықтайды.
Сыбайлас жемқорлықпен күресудегі басты маңыздылық азаматтық қорғау органдарының беделін көтеруге, сонымен бірге, сыбайлас жемқорлықпен күресу саласында басқа да құқық қорғау органдары және азаматтық қоғам институттарымен бірлесе әрекет етуге, ынтамақтастықты жандандыруға арналады.

Алексей СОВЕТОВ,
Ақмола облысы ТЖД бастығы,
азаматтық қорғау подполковнигі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*