Ауқымды акция

12-14 ақпан күндері Көліктегі ІІД және оның желілік бөліністері қызмет көрсететін көлік нысандарында «Құқық бұзушылық пен тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік» атты кең ауқымды акция өтті.
Акцияның мақсаты – азаматтардың құқықтық білімі мен мәдениетін көтеру, тұрғындар арасында ұсақ құқық бұзушылықтар мен тәртіпсіздікке «мүлдем төзбекшілік» қағидатын қалыптастыру, сондай-ақ, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығына әсер ететін ұсақ құқық бұзушылықтың алдын алу.
Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Марат Әлкеновтің айтуынша, аталған іс-шараның үш күнінде еліміздің әуе және темір жол көліктері нысандарында 1071 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Атап айтқанда, ұсақ құқық бұзушылықтары үшін 67, оның ішінде қоғамдық орындарды ластағаны үшін 45 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Алкогольді ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде жүргені үшін 178, темекі шегуге тыйым салуды бұзу бойынша 133, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз тұрғын жайлардан тыс жерлерде болғаны үшін 12, белгіленбеген орындарда сауда жасағаны үшін 102, қоғамдық орындарда тиіскені үшін 87 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Құқық бұзушыларға қатысты ӘҚБтК 449-бабы 1-бөлімі бойынша (Қоғамдық орындарда тиісу) әкімшілік хаттама толтырылды.
Сондай-ақ, акция барысында 293 профилактикалық іс-шара, оның ішінде әуе және темір жол ұйымдары жұмысшыларымен 127 кездесу өтті. Мұнымен қатар, жолаушылар пойыздарында 100, темір жол бойына жақын орналасқан елдімекендердің тұрғындарымен 55 кездесу ұйымдастырылды.

Көліктегі ІІД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*