Өрт сөндірушілерде қонақта

Тараз қаласы №1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде «Ашық есік күндерін» өткізу дәстүрге айналған. Өрт сөндірушілер бұл жолы да оқушыларды жылы шыраймен қарсы алып, балаларға экскурсия барысында өрт сөндірду техникаларының және апаттық-құтқару жабдықтарының көрсетілімдерін ұйымдастырды.
Осылайша таяу күндері Тараз қаласының №42, №35 және №8 мектеп оқушылары өрт сөндіру бөлімінде қонақта болып қайтты.
Кездесу барысында балалар өрт сөндірушілердің төтенше жағдай орын ала қалған жағдайда қандай әрекет атқаратындығына, жауынгерлік киімді қалайша жедел киюге болатындығы жөнінде және оқиға орнына шұғыл аттану жағдайлары қалай іске асырылатындығына, азаматтарға көмек қолын созу барысында қандай тәсілдер қолданатындығы жөнінде мол мағлұмат алды. №1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары, азаматтық қорғау майоры Ертай Райымбеков өрт сөндірушілердің қиын да қауіпті қызметтерін жан-жақты түсіндірді. Ал Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының инспекторы, азаматтық қорғау подполковнигі Қайрат Оразбаев өз кезегінде балалардың назарына қарапайым өрт қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы туралы жеткізіп, төтенше жағдайларда өздерін қалай ұстау қажеттігін ескертті.
Сонымен қатар, мектеп оқушылары Көкшетау техникалық институты жайлы айтылған ақпараттармен танысып, аталған оқу ордасында оқытатын мамандықтар мен оқуға түсу тәртібі және шарттарымен тереңірек танысты.
Экскурсия соңында оқушыларға өрт қауіпсіздігін сақтау ережелері туралы жадынамалар ұсынылып, Көкшетау техникалық институтына оқуға түсу бойынша парақшалар таратылды. Айта кеткен жөн, қазіргі танда «Ашық есік күндері» тек қалалық өрт сөндіру бөлімдерінде ғана емес, сонымен қатар, облыстық өрт сөндіру бөлімшелерінде де ұйымдастырылуда.

Жамбыл облысы ТЖД ӨСМ
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*