Басқы бет / «Сақшы» газеті / Уақыт тынысы / Инфрақұрылым мәселесі қозғалды

Инфрақұрылым мәселесі қозғалды

Елордалық Ішкі істер департаментінде Консультациялық-кеңесші органның биылғы бірінші отырысы өтіп, онда елордалық полиция қызметіне қатысты бірқатар өзекті мәселе талқыланды.
Шараға Астана қалалық Ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Марат Қожаев, жедел қызметтер мен ЖПҚ басшылары қатысты. Елордалық ІІД жанындағы Консультациялық-кеңесші органның құрамына «Ғылыми медициналық орталығы» АҚ басқарма төрағасы Абай Байгенжиннің басшылығымен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, Президент жанындағы адам құқығы жөніндегі комиссия мүшелері, мұғалімдер, дәрігерлер, Парламент Сенаты мен Мәжілісі, қалалық мәслихат депутаттары, ішкі істер органдарының ардагерлері кіреді.
Департамент басшысы Марат Қожаев мәжіліске қатысушылар алдында ККО мүшелерінің жоғары кәсіби деңгейі, халықтың ішкі істер органдарына деген сенімін арттыру аясындағы тиімді жұмысы, консультациялық және әдістемелік көмектер, бірлескен іс-шаралар, сондай-ақ, елордалық полицияның қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлегені үшін алғыс білдірді.
Іс-шара барысында қатысушылар ІІД бастығы атап өткен аумақтық басқармаларының инфрақұрылымына қатысты мәселелерді қозғады. Елордалық полиция 1906-1965 жылдары салынған, типтік стандарттар мен бекітілген нормаларға сәйкес келмейтін ескі ғимараттарда орналасқан. Бүгінгі таңда Марат Қожаевтың ақпараты бойынша Астана қаласы әкімдігінің толық қолдауымен аталған мәселені шешу бойынша шаралар қабылдануда.
Заңдылық пен тәртіпті сақтау, сондай-ақ, отансүйгіштікке тәрбиелеу, тәрбие жұмысын күшейту мақсатында отырысқа қатысушылар ККО мүшелерінің елордалық полицияның жеке құрамымен тұрақты түрде кездесулер өткізу туралы полиция басшылығының ұсынысын қолдады. Сонымен қатар, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы, полиция полковнигі Е. Жалданғаров, Криминалдық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Д. Демидов және ЖПҚ бастығы, полиция полковнигі Б. Малыбаев іс-шара барысында қатысушылардың алдында бөліністерде атқарылып жатқан жұмыстар туралы сөз сөйлеп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
ККО мүшелері отырыс мәселелерін талқылаумен қатар, ағымдағы жылы өтетін отырыстардың, сонымен қатар, Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының және ювеналдық полиция қызметіне қатысты күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ұсыныстар әзірледі. Отырыс жұмысын қорытындылай келе, Астана қалалық ІІД жанындағы ККО төрағасы Абай Байгенжин елордалық ІІД-мен бірлескен іс-шараларға қатысуға әрдайым дайын екенін атап өтті.

Сәуле ҚАЛИЕВА, Астана қаласы

Сондай-ақ, оқыңыз

Интернационал-жауынгерлерге құрмет

Солтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінде Ауған соғысының ардагерлері мен Тәжік-Ауған шекарасындағы әскери қақтығыстардың қатысушыларына …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған