Басқы бет / «Сақшы» газеті / Қызмет / Тосын шабуылға тойтарыс

Тосын шабуылға тойтарыс

Петропавл қаласының сыртында орналасқан жанармай құю стансасының павильонына тапаншамен қаруланған бетперде киген ер адам баса-көктеп кіріп келді. Абайсызда келген адамның бұл әрекетіне қарап қалмаған күзет қызметкері самбо әдістерін қолданып, оны еденге құлатты. Ал, кассир дабыл тетігін басып үлгерді. Санаулы минуттардан кейін оқиға орнына жеке күзет ұйымының жылдам қимылдайтын экипажы келді. Ал, полицияның кешенді күштері ғимаратты қоршап шоғырланды.
Ондаған полиция қызметкері мен жеке күзет құрылымдарының жауынгерлері қатысқан бұл әрекеттер оқу-жаттығу іс-шарасының сценарийі аясында өткізіліп отыр.
«Күзет агенттігі бұл оқиға туралы «102» пультіне хабарлап, жедел-тергеу тобы келді. Барлығы да уақытылы жетті. Осы сынды сабақтар күзет құрылымдарының және мобильдік топтардың, жол-патрульдік полиция батальонының жұмысын жетілдіру үшін, оларды тексеру үшін алдағы уақытта да өткізілетін болады», – дейді Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД Күзет қызметін бақылау бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Самал Қасенова.
Полиция қызметкерлерінің атап өткендей, күзетшілер өздерінің объектілерінде кез келген уақытта кенеттен болатын жайттарға дайын болулары тиіс. Жоспарланбаған жаттығу жұмыстары кемшіліктерді анықтауға және жиынға қатысатын барлық қатысушылардың әрекетін тағы бір пысықтауға мүмкіндік береді.
Қуанышқа орай, қылмыскердің бұл шабуылы жай ғана жаттығу. Жалпы, солтүстікқазақстандық күзетшілер өздерінің кәсібиліктерін көрсетуде. Жаңа жылдың алдында қала шетіндегі жанармай құю стансасына 31 желтоқсан күні жасалған қарақшылық шабуылды мысалға келтірсе де жеткілікті. Абырой болғанда, сол күні шабуыл жасаушылар кассадан ештеңе алып кете алмады. Бұл жолы күзетші сауатты әрекет жасады.
Жылдың басынан облыс аумағында жеке күзет құрылымдары қызметкерлерінің қатысуымен 5 қылмыс ашылып, 89 құқық бұзушылық анықталды.

Юрий КЛЫКОВ, Солтүстік Қазақстан облысы

Сондай-ақ, оқыңыз

Кешегі тағылымдамашы – бүгінгі полицей

21 сәуірде ІІМ Оқу орталығының (Қостанай қаласы) саптық алаңында арнайы алғашқы оқыту курсын бітіруші тағылымдамашыларға …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған