Жаңа дәуірге қадам

Таяуда Президент Н. Назарбаевтің Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын түсіндіру жұмыстары аясында ІІМ Оқу орталығының арнайы бастапқы оқу курсының тыңдаушылары Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар бірлестігінің үйлестірілген кеңесінің төрағасы Элина Паулимен кездесті.
Кездесу барысында облыстық мәслихаттың депутаты Э. Паули Оқу орталығының тыңдаушыларына Президенттің Жолдауында атап өтілген негізгі он басым бағыттарын таныстырып, Павлодар облысы бойынша атқарылған жұмыс туралы айтып өтті.
«Мемлекеттің барлық басты табысы, бүгінгі және болашақ жетістігі – біздің ұлтаралық бірлігіміздің жемісі, ынтымақтастығымыздың көрінісі болмақ. Бұл біздің басты құндылығымыз, басты игілігіміз, біз оны сақтауымыз керек», – деп ерекше атап өтті өз сөзінде Элина Сергеевна.
Оқу орталығының тыңдаушылары өз кезегінде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын қолдайтынын, алға қойылған міндеттерді іске асыру үшін әрбір азаматтың қатысуы маңызды екендігін айтты.

Н. АШЫҚБАЕВ, Павлодар қаласы

Сондай-ақ, оқыңыз

Жас сақшыларды тәрбиелеу – ардагерлеріміздің адамгершілік парызы

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қазақстандықтарды тарихқа үңіліп, ұлттық сананы көтеріп, …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған