Он міндетті талқылады

Жуырда «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ 26-МӨСБ мәжіліс залында Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі А. Советов пен «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетовтің қатысуымен «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауына арналған кездесу өтті.
Шараға Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы және ведомстволық бағынысты бөлімшелері қатысты.
Алғы сөзінде А. Советов: «Елбасының Жолдауында Мемлекет басшысы жаңа экономикалық саясаттың негізін – еліміздің инфрақұрылымды дамыту жоспарын анық көрсетті, біз Елбасымыздың алға қойған мақсаттары арқасында өміріміздің сапасын жақсартамыз және дамытамыз», – деді.
Ғ. Бекмағамбетов елде жүзеге асырылатын 10 негізгі міндетті егжей-тегжей түсіндіріп, әрқайсына маңыз беріп тоқталып өтті. Кездесу соңында департамент бастығы А. Советов «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғ. Бекмағамбетовке Президент Н. Назарбаевтың Жолдауын түсіндіруге белсенді қатысқаны үшін алғысын білдірді.

А. ҚАРАБЕКОВА, Ақмола облысы

Сондай-ақ, оқыңыз

Жаңа дәуірге қадам

Таяуда Президент Н. Назарбаевтің Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған