Басқы бет / «Сақшы» газеті / Уақыт тынысы / Жолдауға арналған дәріс

Жолдауға арналған дәріс

Астана қаласы Күзет полициясы басқармасы Үкімет қаулысына сәйкес Елордамызда орналасқан аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Полиция қызметкерлерінің күнделікті қызметі қоғаммен, азаматтармен тығыз байланысты, сондай-ақ, Елбасының саясатын жақтауға және оны дәйекті түрде жүзеге асыруға тиіс. Осыған байланысты Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын Астана қаласы Күзет полициясының жеке құрамына жеткізу мақсатында арнайы маман шақыртылды.
«Нұр-Отан» партиясы саяси бюросының мүшесі, халықаралық конкурстардың лауреаты Бибігүл Искакова Елбасының Жолдауын 500-ге жуық жеке құрамға кәсіби қызметтік даярлық жүйесіндегі сабақта жан-жақты түсіндіріп, сапалы дәріс өткізді. Дәріс барысында Елбасымыз Жолдауда алға қойған 10 міндетке жеке тоқталды және бүгінде тәуелсіз Қазақстанның әлем елдерінің сенімі мен құрметіне бөленіп, сондай-ақ, ұлттық сананы жаңарту үдерісінің басталғанын барлық жеке құрамға жеткізді.

Ғабит СЕЙТІМБЕТОВ, Астана қаласы

Сондай-ақ, оқыңыз

Интернационал-жауынгерлерге құрмет

Солтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінде Ауған соғысының ардагерлері мен Тәжік-Ауған шекарасындағы әскери қақтығыстардың қатысушыларына …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған