Басқы бет / «Сақшы» газеті / Уақыт тынысы / Әлеуетті орган – халықтың қорғаушысы

Әлеуетті орган – халықтың қорғаушысы

Қарағанды облыстық Ішкі істер департаментінің Консультативтік-кеңесші органы 2018 жылдың алғашқы жиынын өткізді. Консультативтік-кеңесші орган (КСО) ішкі істер органдарының жұмысын жандандыруда және оның жариялылығы мен жұмысының халыққа ашық жүргізілуінде айрықша әлеуетті қызмет атқармақ.
Бұдан бөлек, КСО мүшелері ішкі істер органдарының жұмысының ашық жүргізілуін қадағалау үшін кез келген ішкі істер бөлімдерінің ғимараттарына кедергісіз кіре алады. Консультативтік-кеңесші органның құрамында тілшілер, үкіметтік емес ұйымдардың және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері бар. Органның жалпы мүшелерінің саны 9 адам болып бекітілген.
Қарағанды облысының ішкі істер органдары Ардагерлер кеңесінің және КСО төрағасы Жұман Нұрпейісовтың төрағалығымен өткен алғашқы жиналыста Елбасы Жолдауында алға қойылған міндеттер, тапсырмалар және органның халықпен тығыз байланыста болуы талқыланды. Мысалы, Консультативтік-кеңесші орган үкіметтік емес ұйымдарға және үкіметтік билік органдарына ішкі істер органдарының қызметін жандандыру мәселелері бойынша ұсыныс жасауға құқылы.
2017 жылы КСО мүшелеріне халықтан 10 өтініш келіп түскен. Оның барлығы отырыстарда талқыланып, өтініш иелеріне көмек көрсетілген. Мысалы, 2017 жылдың басында Қарағанды қаласының азаматшасы өтініш білдіріп, алаяқтардан қомақты қаражатын қайтара алмай жүргендігіне шағымданған. КСО мүшелері Орталық полиция бөлімінің басшылығы және прокуратура органдарымен бірлесіп қылмыстық істің негізінде азаматшаның 4 миллионға жуық ақшасын қайтаруға көмектескен.
КСО төрағасы Ж. Нұрпейісов: «Консультативтік-кеңесші органның басты міндеті – халықтың полицияға деген сенімі артуы, ішкі істер органдарының жұмысының ашық жүргізілуін қадағалау болу керек. Қарағанды облысының жер көлемінің үлкендігіне байланысты шалғайдағы аудандар мен ауылдардағы тұрғындардың бізге өзіне қатысты және өзге мәселелер бойынша шағым-өтініштерін полицияға жеткізу үшін байланысқа шығуы қиын екені жасырын емес. Осы тұрғыда, консультативтік-кеңесші органның өкілдері шалғайда орналасқан елді-мекендерде халық жиналыстарына шығып, олардың өтініштерін қабылдауы қажет. Содан кейін ол өтініштер Консультативтік-кеңесші органның отырыстарында талқыланып, тиісті шешімдер қабылдайтын боламыз», – деп сөзін қорытындылады.

Қуаныш Медеубаев, Қарағанды облысы

Сондай-ақ, оқыңыз

Әлеуметтік бастамалардың әлеуеті зор

Маңғыстау облысының тәртіп сақшылары Парламент Мәжілісінің депутаттары Бақытжан Ертаев және Ержан Құдайбергенмен кездесті.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған