Басқы бет / «Сақшы» газеті / Жаршы / Жоғалған бүлдіршінді тапты

Жоғалған бүлдіршінді тапты

Сержант Бақдәулет Маханбетов бастаған, құрамында патрульшілер, сержант Азамат Нұрманов, ефрейтор Абай Есенбеков бар әскери жасақ ЭКСПО аумағында қызмет атқару барысында жылап тұрған баланы байқайды.
4 жас шамасындағы бүлдіршін жауынгерлер қойған сұрақтарға тіл қатпаған соң, жасақ бірден туған-туысқандарын іздеуге кіріседі.
Көп ұзамай адасқан баланың әкесі де табылды. Әлгі азамат телефон арқылы сөйлесіп жатқанда баланы көзден таса қылып алған екен. Өз бетінше іздеген көрінеді, бірақ таба алмаған. Баласын ұландық жауынгерлер алып келгенде қуанышын жасырмады.
Баланың әкесі сарбаздарға өз ризашылығын білдіріп, әскери бөлім басшылығына алғыс хат жолдаған. Осылайша, жауынгерлердің қызметтегі қырағылығы игілікті істердің лайықты жалғасы болды.

Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

Салаға саналы ғұмырын арнағандар

Жуырда Жалағаш аудандық Ішкі істер бөлімінде еңбек етіп, бар ғұмырын халықтың тыныштығын қорғауға арнап, қоғамдық …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған