Басқы бет / «Сақшы» газеті / Қызмет / Түлектерге талап мол

Түлектерге талап мол

Таяуда облыстық Ішкі істер департаментінің 2015-2017 жылдары ІІМ ведмостволық оқу орындарын бітірген түлектерімен кездесу өтті.
Кездесуге қазіргі таңда қалалық ішкі істер бөлімі мен барлық аудандық ішкі істер бөлімдерінде қызмет атқарып жатқан қызметкерлер мен олардың ата-аналары және тәлімгерлері шақырылды. Жиынды департамент бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Қалижан Жеңісбекұлы ашты.
Одан әрі департаменттің Кадр жұмысы басқармасының бастығы Асылхан Абдреев «2015-2017 жылдары ІІМ ведомстволық оқу орындарын бітірген түлектер және олардың тәлімгерлері атқарған жұмыстар және тәрбие жұмысы» атты баяндамасын оқыды.
– Ведомствода жас қызметкерлермен жеке тәрбие жұмысы ұдайы жүргізіліп келеді. Мақсат – жас мамандардың кәсіби шеберлігін арттырып, жедел-қызметтің озық шараларын игеруіне септесу. Сонымен қатар, жұмыс жүргізу барысында жас қызметкерлердің тұрмыстық жағдайы, мінез ерекшелігі, қызмет атқару деңгейі де зерделеніп, баға беріледі. Өткен жылы ІІМ-нің ведомстволық оқу орындарын 40 түлек тәмамдаған. Қазір оларды бос лауазымдарға тағайындау жұмыстары жүргізілуде. Аталған түлектердің жеке істерін Кадр жұмысы басқармасы қызметкерлері жасақтап, ІІМ-нің оқу орындарына жолданды, – деді А.Сейдалыұлы.

Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

Дауылбай ҚАРАШАЕВ: Кәсіподақтың атқарып отырған игі ісі көп

Адамдардың өмірі мен бостандығына қауіп төнгенде, қоғамда түрлі толқулар мен бүліктер орын алған кезде бірінші …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған