Он күннің нәтижесі

Қызылордада «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасының 10 күнінде 539 автобус жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қызылорда облысы көлемінде қаңтар-ақпан айларында өтіп жатқан «Автобус» жедел профилактикалық іс-шарасының 10 күнінде 539 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде, ӘҚБтК-нің 590.9-бабымен (көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) мемлекеттік немесе міндетті техникалық тексеруден өтпеген 36 автокөлік, жылдамдықты шамадан тыс асырғаны үшін 33 автокөлік, тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқарған 8 автокөлік жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, құжаттары және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқарудың 24 дерегі, рейс алдындағы медициналық тексеруден өтпеген жүргізушінің басқаруына рұқсат берудің 1 дерегі тіркеліп, ӘҚБтК-тің 608-бабына сәйкес көлік құралын алкогольдік, масаң күйде басқарғаны үшін 2 жүргізуші автокөлік жүргізу құқығынан айырылды.
Атап өтерлік жайт, аталған іс-шара Көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп өткізіліп, көлік құралын пайдалану қағидаларын бұзу, оның ішінде тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару, сондай-ақ рейс алдындағы техникалық тексеруден өтпеген автокөлік құралдарын пайдалануға шығарып, белгіленген жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына жол берілген деректерді анықтауға бағытталып отыр.

Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*