Басқы бет / «Сақшы» газеті / Уақыт тынысы / 800 сарбаз – салтанатты сапта

800 сарбаз – салтанатты сапта

3 ақпанда Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінде 800 жас жауынгері Отанға адал қызмет етуге салтанатты түрде ант берді. Еліміздің барлық облысынан жасақталған жас буын екі айға жуық уақытта арнайы дайындықтан өтті.
Шараға әскердің ардагерлері, әскери ведомстволар мен атқарушы билік органдарының өкілдері, сонымен қатар, жас жауынгерлердің ата-аналары мен жақындары қатысты.
Сапқа қосылған жас сарбаздар енді өзге әскери қызметшілермен бірге Отанымыздың бас қаласы – Астананың қоғамдық тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін орындайды.
– Жауынгерлерге қаланың 20 жылдық мерейтойына арналған барлық маңызды іс-шаралар кезінде қауіпсіздікті қадағалау міндеті жүктеледі. Олар осы міндеттерді адал да абыроймен атқарады деп үміт артамыз, – деді құттықтау сөзінде құрама командирі, полковник С. Шекарбеков.
Елорданың аязына қарамай жас сарбаздарға салтанатты сәтте қолдау көрсету үшін бөлім аумағына 2500-ден астам ата-ана мен туған-туыстары келді. Олар өз перзенттерінің салтанатты шерумен өткен, Отан қорғаушысы атанған сәтіне куә болысты.

Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

Интернационал-жауынгерлерге құрмет

Солтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінде Ауған соғысының ардагерлері мен Тәжік-Ауған шекарасындағы әскери қақтығыстардың қатысушыларына …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған