Басқы бет / «Сақшы» газеті / Қоғам және заң / Қараңғы түндегі қуғын

Қараңғы түндегі қуғын

29 қаңтарда кешкісін Астана қаласының Сарыарқа ауданында Ұлттық ұлан офицері, майор Тимур Рахимов бұған дейін темір торда жазасын өтеген қылмыскерді қолға түсірді.
Қызметтен кейін үйіне қайтып келе жатқан ұландық офицер аулада жанжалдасып жатқан екі адамды байқайды. Азаматша айқалап, көмек сұрап жатыр екен. Сол сәтте белгісіз ер азамат әлгі әйел адамды жерге құлатып, қаша бастайды. Тез арада қыздың қасына барса, қыз жылап, үсті-басының қанға бөккенін байқады. Жедел қашқынның соңына түсіп, оған тоқтауды бұйырды. Белгісіз азамат естімегендей болып, әрі қарай қаша берген. Бір шақырымдай жер артынан қуып отырған ұландық офицер әлгі азаматты қуып жетеді. Сол кезде ол қоян-қолтық ұрыс әдісін пайдаланып, оны тырп еткізбей ұстайды. Қаскөйді кейін жеткен ішкі істер органдарының қызметкерлеріне табыстайды.
Кейін белгілі болғандай, қылмыскер әлгі әйелдің «Айфон-7» ұялы телефонын тартып алып, ізін жасырмақ болған. Бұрын жасаған қылмысы үшін Ресей Федерациясында 10 жыл жазасын өтеп шыққан. Қылмыс орнында пышақ пен қыздың сөмкесі табылды. Зәбір көруші қыз Астана қаласының тұрғыны екен.
Майор Т. Рахимов 10 жылдан аса уақыт Ұлттық ұлан қатарында қызмет атқарады. Ұлттық ұлан Әскери институтын аяқтаған. Қазір 3660 әскери бөлім командирінің орынбасары. Осылайша жауынгерлерге рух беруші тәлімгер сардар өзі де азаматтарға көмек қолын созып, Әскери антқа адал екенін танытты.

Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

17 мың заң бұзушылық

Көліктегі ІІД және оның желілік бөліністері қызметкерлері қызмет көрсету аумағындағы жедел жай-күйді жақсарту мақсатында барлық …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған