Басқы бет / «Сақшы» газеті / Уақыт тынысы / Ерлік жас талғамайды

Ерлік жас талғамайды

Есік қаласындағы В. Терешкова атындағы №2 орта мектептің мәжіліс залында мектеп ұжымы, «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының» мүшелері және Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Серікхан Тұраровтың қатысуымен жиын өтті.
Бұл шараның ерекшелігі – осы орта мектептің 7-сынып оқушысы 13 жастағы Алексей Чебаник «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Сонымен қатар, Есік қаласының тұрғындары, «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығы» ұйымының мүшелері Александр Булохов, Николай Козлов және Сергей Гусев Төтенше жағдайлар комитетінің Алғыс хатымен марапаттады.
Олар 2017 жылдың 18 маусымында 5 жастағы қыз баланы терең шұңқырдан алып шығып, бүлдіршіннің өмірін құтқарып қалған. Олар 13 жасар Алексей Чебаникті тар шұңқырға түсіріп, ол қыз баланы шұңқырдан алып шыққан. Сол бойда бүлдіршін жансақтау бөліміне жеткізіліп, дәрігерлер тарапынан барлық қажетті емдік іс-шаралар қолданылған. Бүгінгі таңда бүлдіршіннің жағдайы бірқалыпты, денсаулығына ешқандай қауіп жоқ.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

Интернационал-жауынгерлерге құрмет

Солтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінде Ауған соғысының ардагерлері мен Тәжік-Ауған шекарасындағы әскери қақтығыстардың қатысушыларына …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған