Білім берудің жаңа биігін айшықтады

Жуырда Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің өңірлік оқу орталығында Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау, түсіндіру мақсатында жиналыс өтті.
Шараға өңірлік оқу орталығының оқытушылары мен мамандық алды даярлау тобынан 40 адам қатысты.
Отырыста баяндама жасаған өңірлік оқу орталығы бастығының орынбасары, азаматтық қорғау капитаны Дәулет Кемелбаев Елбасы Жолдауының ерекшеліктеріне тоқталды. Сонымен бірге, Елбасы Жолдауындағы он басымдықта көрсетілген тапсырмаларды алдағы уақытта жүзеге асыру бойынша жұмыс жасау керектігін жеткізді.
Өңірлік оқу орталығының бастығы Жанат Сегізбаев қатысушыларға Жолдаудың «Адами капитал – жаңғыру негізі» атты жетінші міндетіне тоқталды. Ол өз сөзінде: «Бұл міндет – білім берудің жаңа сапасы. Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамытуы тиіс. Педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарау керек болады. Бұл – жастарды жаңа технологиялық қалыпқа дайындаудың маңызды шарты», – деп атап айтты.
Қатысушылармен пікір алмасу сипатында өткен жиында өңірлік оқу орталығының қызметкерлері Елбасының Жолдауына шынайы қолдауларын білдіріп, ойларын ортаға салды.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*