Басқы бет / «Сақшы» газеті / Жолдау жолдарынан / Құқық қорғау органдарының жұмыс тиімділігі артады
Zybin Vitaliy

Құқық қорғау органдарының жұмыс тиімділігі артады

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында құқық қорғау органдары жұмысының тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін бірқатар басым міндеттер қойды.
Бүгін біз қызметімізді жаңа заңнама аясында бастап отырмыз. Алғашқы қылмыстық істі электрондық форматта қарауды аяқтаған соң, біз мұндай форманың тиімді екеніне көз жеткіздік. Ал, ол өз кезегінде уақытша кедергілерді азайтуға мүмкіндік бермек. Кәсіби әлеуетті ұтымды пайдалану ғана емес, қазақстандықтардың құқықтарын қорғау мен азаматтардың құқықтық санасын нығайту қылмыстық процесті реформалаудың соңғы нәтижесі болуы тиіс.
Жолдауда көрсетілген заманауи тәсілдер қоғамдық сана мен мәдениетті тәрбиелеудегі тағы бір маңызды қадам болмақ. Мемлекет басшысы бейнебақылау мен анықтаудың интеллектуалды жүйелерін көшелерде, азаматтар көп келетін жерлерде және жол қозғалысын бақылау орындарында енгізу қажет екендігін айтып өтті. Статистикаға сүйенсек, өткен жылы облыста қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстар саны 20 пайызға, ал көшелерде жасалатын қылмыстар саны 18 пайызға қысқарғандығын көрсетті. Солтүстік Қазақстан облысының жолдарында өткен жылы жол-көлік оқиғалары 17 пайызға, ал олардың салдарынан зардап шеккен тұлғалар саны 19 пайызға азайды. Мұндай оң серпін жол қозғалысы қатысушыларының арасындағы тәртіптің нығаюының нәтижесі. Бүгінде Петропавлда «интеллектуалды көше қиылыстары» және автоматты тіркеу жүйесінен құралған мемлекеттік тіркеу нөмірлік көлік белгілерін нықтайтын 11 жүйе жұмыс істеуде. Осы сынды жүйелер Уәлиханов, Жамбыл, Аққайың, Тайынша, Мағжан Жұмабаев аудандарында және Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның орталықтарында да орнатылған.
Құқықтық тәртіпті нығайтудағы тиімді және ықпалды тетіктердің бірі – бейнебақылау жүйесінің кеңейтілуі. Өткен жылдың соңында облыс орталығы Петропавл қаласындағы барлық 13 аймақтық полиция пунктіне және Жедел басқару орталығына жалғанған 336 камера орнатылды. Бұл техникалық құрылғылар арқылы өткен жылы 429 қылмыс ашылды. Бұдан бөлек, желтоқсан айында Қызылжар ауданының Ішкі істер бөлімінде Бейнебақылау орталығы ашылды. Орталық арқылы ауылдардағы жағдайды бақылауға болады. Ішкі істер бөлімінде 94 камерадан бейне келіп түсетін 5 монитор қойылды. Алғашқы бейнебақылау орталығының ерекшелігі – камералардың басым бөлігі шалғай жатқан ауылдық округтерде орналастырылған. Жалпы, бүгінгі таңда облыс ауылдарында 500-ден астам камера орнатылған. Бұл құрылғылар қоғамдық тәртіпті және ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін сақтауда үлкен профилактикалық шара болып табылады. Техникалық мүмкіндіктерді енгізу бойынша жұмыстар жергілікті атқарушы органдардың, шаруа және фермерлік қожалықтар жетекшілерінің қолдауымен жалғасатын болады.
Елбасы алға қойған міндеттерді іске асыру барлық құқық қорғау органдары жұмысының тиімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік береді, демек, бұл азаматтардың қауіпсіздік шараларын арттыру деген сөз.

Берік БІЛӘЛОВ,
Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД бастығы,
полиция генерал-майоры

Сондай-ақ, оқыңыз

Жаңа дәуірге қадам

Таяуда Президент Н. Назарбаевтің Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған