Басқы бет / «Сақшы» газеті / Жолдау жолдарынан / Жаңа технология – жарқын келешек кепілі

Жаңа технология – жарқын келешек кепілі

Алматы-1 стансасындағы Ішкі істер желілік басқармасында Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы талқыланды. Аталған Жолдау жарқын болашаққа, яғни Төртінші өнеркәсіптік революция арқылы жетістікке жетудің жолын айқындап берген құнды құжат.
Жолдау бойынша жеке құрам алдында баяндама жасаған Алматы қаласы Түрксіб аудандық «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Нұрланбек Әжібаев Елбасының осы Жолдау арқылы технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келе жатқан әлемде қазақстандықтардың болашақта қалай жұмыс істеу керектігі, қалай зор жетістіккке жету жолдарын айқындап бергенін атап өтті.
«Елбасымыз халыққа арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында өнеркәсіптік революция әлемінде табысқа жетудің 10 міндетін атап көрсетті. Жолдауда ең бірінші кезекте индустрияландыруға, әсіресе кәсіпорындарды жаңғыртуға және цифрландыруға, кешенді ақпараттық¬ технологиялық платформаларды белсенді түрде енгізуге, ғылымды дамытуға, көлік¬-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыруға, заманауи технологияларды енгізуге ерекше назар аудара отырып, әлеуметтік салаға да айрықша көңіл бөлді, – деді Нұрланбек Ескендірұлы. – Соның ішінде төртінші міндет көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыруға бағытталды. Қазақстан аумағы арқылы өтетін бірнеше трансконтиненталды дәліз бар екені белгілі. Жолдауда атап көрсетілгендей 2017 жылы Қазақстан арқылы өткен жүк транзиті 17 процентке өсіп, 17 миллион тоннаға жуықтады. Осыған қатысты аталған құжатта жүк қозғалысын онлайн режімінде бақылап, олардың кедергісіз тасымалдануы үшін және кедендік операцияларды жеңілдету мақсатымен блокчейн сияқты цифрлық технологиялардың ауқымды түрде енгізілуін қамтамасыз ету қажеттігі туралы міндет қойылды. Бір сөзбен айтқанда, Елбасы Жолдауында аталған осындай ауқымды міндеттерді орындау үшін бүгінгі қызметкерлер заманауи технологияларды меңгеруі керек. Оған сіздердің де қосатын үлестеріңіз мол».
Жолдауды талқылауға арналған жиында Алматы-1 стансасындағы ІІЖБ бастығының орынбасары, полиция полковнигі Д. Дәрібаев та сөз сөйлеп, Елбасы Н. Назарбаевтың логистиканың барлық буынының өзара байланысын ұйымдастыра отырып, интеллектуалды көлік жүйесін енгізу қажеттігі туралы айтқандарына тоқталды.
Жиын соңында Түрксіб аудандық «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Н. Әжібаев жеке құрамның Жолдауға қатысты сұрақтарына жауап берді.

Гүлнәр МАҒЗҰМОВА

Сондай-ақ, оқыңыз

Он міндетті талқылады

Жуырда «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ 26-МӨСБ мәжіліс залында Ақмола облысы Төтенше жағдайлар …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған