Сайғақ аулағандар сазайын тартады

10-14 қаңтар аралығында экологиялық қылмыстардың алдын алу мен браконьерлік әрекеттердің жолын кесу мақсатында Қызылорда облысының Қармақшы ауданы аумағында полиция қызметкерлері мен «Охотзоопром» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны қызметкерлерінің бірлескен рейдтік іс-шарасы өткізілді.
Шара кезінде 14 қаңтар күні автокөліктерге тексеру жүргізген тәртіп сақшылары Қармақшы ауданының тұрғыны мінген «Тойота-Ланд-крузер» автокөлігін тоқтатып, тексеру барысында, автокөліктің артқы жағында қапқа оралған үш ақбөкен денесін тапты.
Бұдан басқа, еш құжаты жоқ 1 дана 12 калибрлі, 1 ұңғылы аңшы мылтығы, 7 дана атылмаған оқ, 1 дана ағаш сапты пышақ тәркіленді.
Бұл факт Қылмыстық кодекстің 337-бабы 4-бөлігінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіліміне тіркеліп, іс жүргізілуде.

Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*