Басқы бет / «Сақшы» газеті / Уақыт тынысы / Құдыққа түсіп кеткен әйелді құтқарды

Құдыққа түсіп кеткен әйелді құтқарды

Жуырда Астанада Ұлттық ұлан жауынгерлері құдыққа түсіп кеткен әйелді құтқарды. Оқиға кешкі 19.30 шамасында орын алған. Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің екі әскери қызметшісі қызметтен кейін үйге бара жатып тосын жағдайға куә болады.
Мақсат Аманқұл мен Жомарт Жексембаев жол бойында келе жатқан әйел адамның кенеттен шұңқырға құлап кеткенін байқап қалып, дереу көмекке жүгіреді. «Шам жағып қарасақ, құдықтың тереңдігі 3-4 метрдей екен. Жомарт дереу көліктен арқан әкелді. Беліме байлап төменге түстім. Елулер шамасындағы кісі екен, үсті малмандай су болыпты. Отбасы, бауырына да хабарласып айттық», – дейді ефрейтор Мақсат Аманқұл.
Інісінің айтуы бойынша, Аққоян Төлепбергенованың денсаулығы дұрыс. Медициналық тексеріс нәтижесінде оның ауыр жарақат алмағаны анықталды. Тек тереңдікке құлағаннан денесінің әр тұсына қан ұйып қалған. «Телефоным судан істемей қалыпты. Көмекке кімді, қалай шақырар едім? Құтқарып үлгеруші ме еді… Оны ойлаудың өзі қорқынышты. Сарбаздарға көп рахмет! Жолдары ашық болсын деп батамды берем, бар жақсылықты тілеймін», – дейді Аққоян Олжабайқызы дер кезінде қажетті жерден табылған ұландықтарға алғысын жаудырып.

Ұлттық ұлан баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

Әлеуметтік бастамалардың әлеуеті зор

Маңғыстау облысының тәртіп сақшылары Парламент Мәжілісінің депутаттары Бақытжан Ертаев және Ержан Құдайбергенмен кездесті.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған