Күдіктінің адымын аштырмады

ОҚО полицейлері Ордабасы ауданының аумағында орын алған мал ұрлығына қатысы бар деген күдікпен 32 жастағы ер азаматты ұстады. Жергілікті тұрғындар жыл басынан бері аудандық ПБ-не малдарының ұрланғаны жайлы талай рет арызданған.
1967 жылы туған жәбірленушілердің бірі түнгі уақытта ауласынан белгісіз біреудің сомасы 1,5 млн теңге тұратын 8 сиырын айдап кеткенін көрсеткен. Бұл жайт ҚР ҚК 188 «Ұрлық» бабымен Ордабасы ауданының СДТБТ-не тіркелген. Ордабасы АІІБ-нің полицейлері жүргізген жедел іздестіру іс-шарасы нәтижесінде 1985 жылғы жергілікті тұрғынды ұстады. Тергеу барысында ұсталған күдіктінің мал ұрлығының 5 жайтына қатысы бары анықталды. Тәртіп сақшылары анықтағанындай, барымташылар үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, жергілікті тұрғындардың үйлерінен, жайылымнан, иесіз жайылып жүрген малдарды айдап кетіп отырған. Кейін ұрланған малдарды сатып, ақшасын өз қажеттіліктеріне жаратқан. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 7 миллион теңгеге жуық болып отыр.
Қазіргі таңда аталған жайт бойынша «ұрлық» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауда. Полицейлер айғақты заттарды тәркілеп, ұрланған малдарды заңды иесіне қайтарды. Оңтүстікқазақстандық полицейлер мал иелеріне барымташының құрбаны болмас үшін төрт түліктерін қараусыз қалдырмауға, сондай-ақ таңба мен ен салу керектігін ескертеді. Сондай-ақ, мал ұрлығы орын алған жағдайда уақыт оздырмай ішкі істер органдарына хабарлауға кеңес береді. Егер де Сіз, осындай жайттың жәбірленушісі немесе куәгері болсаңыз «102» нөміріне дереу хабар беріңіз.

ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*