Ерлігі елге үлгі

Азаматтық қорғау майоры Бауыржан Жамалов азаматтық қорғау органында 1993 жылдың қыркүйек айынан бастап қызмет етеді, 2005 жылғы қыркүйек айынан бастап №14 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі аға инженер лауазымын атқарады. Б Жамалов үлкен өрттерді сөндіру кезінде ерлік пен батылдық көрсетті.

Өткен жылы №14 Мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне Царев көшесі, 11 үйдің жертөлесі қою қара түтінге көмілгені туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына №14 МӨСБ шығу кестесіне сәйкес күштер мен құралдар жіберілді. Өрт оқиғасы орнына келісімен жер төледен түтіннің шығып жатқаны байқалды, барлау барысында жер төледе ағаштан жасалған қойманың жанып жатқаны және өрттің бірінші қабатта орналасқан пәтерлерге қарай ауысатыны, 2-қабатта орналасқан тұрғындар қауіпсіз жерге шыға алмай тұрғандығы анықталды. Өрттің көлемі 20 шаршы метрге жайылды. Өрт сөндіру жетекшісі №14 МӨСБ аға инженері, азаматтық қорғау майоры Б. Жамалов адамдарды құтқару мен өртті жоюға дұрыс шешім қабылдап, өрттегі жеке құрамның жан-жақты нақты жұмысын ұйымдастыруының арқасында 5 адам құтқарылды, оның ішінде үшеуі бала. Азаматтық қорғау майоры Б. Жамалов № 10 пәтерден 1936 жылы туған қарияны көтеріп алып шықты. Өртті жою және адамдарды құтқару үшін шешуші дұрыс іс-әрекет қабылдаудың нәтижесінде азаматтық қорғау майоры Б. Жамалов пен кезекші қарауыл айқын іс-әрекеті арқылы адам өмірін құтқару кезінде және оттың таралуына жол бермеуде кәсібилігін көрсетті.
Ұжымда ерекше құрметке ие Бауыржан бөлімшенің қоғамдық өміріне белсене қатысады, сондай-ақ «Павлодар облысының төтенше жағдайлар және өртке қарсы қызметі» ММБ өткізілетін барлық спорттық іс-шараларға қатысады. Адамдарды құтқару және өрттерді жою кезінде өзінің жауапкершілігі, ерлігі және батылдығы үшін азаматтық қорғау майоры Б. Жамалов «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Біздің ұжымда осындай адал, батыл қызметкер еңбек ететінін мақтан тұтамыз.

Т. АЙСАБЕКОВ,
Павлодар облысы ТЖД

Сондай-ақ, оқыңыз

Полиция айбынын асқақтатқан азамат

Еліміздің көлік полициясында 20 жылдан астам уақыт қызмет етіп келе жатқан білікті де білімді тергеушілердің …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған