Басқы бет / «Сақшы» газеті / Уақыт тынысы / Жас құтқарушыларға жаңа жоба
OLYMPUS DIGITAL CAMERA

Жас құтқарушыларға жаңа жоба

Жуырда Төтенше жағдайлар департаментінде «Құтқарушылардың жұмыс күндері!» – атты жаңа жоба басталды. Оның басты мақсаты – облыс мектептерінің жоғары сынып оқушыларының Қ Р ІІМ Көкшетау техникалық институтына оқуға түсуіне жол ашу болып табылады.
Жоба бойынша бұдан бұрын түлектер «Көкшетау техникалық институтына» болып, осы мекемедегі курсанттардың қызметті атқару шарттарымен таныстырылған болса, бүгінгі танымдық алаңқай – «Департаменттің Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ кәсіби даярлық мектебі болды. Жаңа жобаның қатысушылары аймақтық органның басшысы Департамент бастығының орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі Самат Асайыновпен және Департаменттің кадр жұмысы бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Әсемгүл Насыровамен кездесті. Олар өрт сөндірушілер және құтқарушылар мамандығының өзектілігін атап өтті, жалпы заманауи әлемде және жеке мемлекетіміз үшін алдын ала дене шынықтыру дайындығына назар аударды.
Оқушылар кәсіби даярлық мектебінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Асқар Әбуовтың, азаматтық қорғау подполковнигі Әлия Успанованың, аға оқытушы азаматтық қорғау майоры Асқар Бейсековтың дәрісін алды.
Азаматтық қорғау подполковнигі Әлия Успанова арнайы сабақ кестесі жайында былай дейді: «Бәрінен бұрын танымдық жаққа назар аударылды. Біздің болашақ ауысым тобына өртке қарсы қызметтің бастапқы жағын көрсеткім келді және тәрбие сипаттамалары пункттерін қосып, тарихпен таныстырып, Өрт техникасы орталығына апарғанды қаладым. № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне бару арқылы оқушылар техниканы, құралдар мен жабдықтард көреді. Тәулік бойы келгенге біз № 1 ПСП (жауынгерлік киімді кию) бойынша нормативті, интерактивтік шынықтыруда НЦПК 40/100 тәжірибелік жұмысты, ал жатар алдында бос уақытқа шахмат, шашка ойындарын қостық» дейді ол.
Ал, әскери мектеп-интернатының оқытушысы Бахтияр Түсіповтың пікірінше осындай «Пилоттық» жобалардың оқушыларға пайдасы ұшан-теңіз. «Біз өзіміздің мектеп-интернатымызда жастардың дамыту бағытында көптеген шаралар өткіземіз. Егер менің жас кезімде осындай ақпараттық алқап болса, мен сөзсіз Көкшетау техникалық институтын таңдар едім. Менің өз пікірім – кандидаттарды терең іздеу керек. Ауылдарда шыныққан, мықты жақсы балалар бар» деп түйіндеді ол сөзін.

Е. ШЕВЕЛЕВА,
ТЖД Павлодар облысы

Сондай-ақ, оқыңыз

Теңдесі жоқ миграциялық орталық

Бірінші рет елімізде шетелдіктерге ешбір кедергісіз қызмет көрсететін миграциялық ХҚО ашылды. Өткен аптада оның ресми …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған