Басқы бет / «Сақшы» газеті / Уақыт тынысы / Мерейтой иесіне құрмет

Мерейтой иесіне құрмет

Таяуда Батыс Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінде Ішкі істер органдарының және Ұлттық ұлан Ардагерлері кеңесінің төрағасы, отставкадағы милиция полковнигі Жайлыбай Адаевтың 80 жасқа толуына орай салтанатты жиын өтті.
Салтанатты жиынды мерейтой иесіне арналған құттықтау сөзбен БҚО Ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Махсұдхан Аблазимов ашты.
Жайлыбай Келдібайұлы 1938 жылы 5 қаңтарда Орал облысы Теректі ауданының Бұлақсай ауылында дүниеге келген. 1956 жылы орта мектепті тәмамдаған соң еңбек жолын Орал жөндеу зауытында токарь болып бастайды. 1960 жылы әскери борышын өтеп келіп, Д. Курский атындағы Саратов заң институтына оқуға түседі. Жоғары оқу орнын ойдағыдай аяқтап шыққан соң Орал облысы прокуратурасы органдарында, Орал облыстық комитетінің әкімшілік органдар бөлімінің меңгерушісі, Орал облыстық Ішкі істер басқармасында тергеу бөлімінің бастығы, Ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары лауазымында абыройлы да жемісті еңбек етті. Ұзақ жылғы еңбегі елеусіз қалған жоқ, ардагердің кеудесінде жарқыраған ордендер мен медальдар соның айқын айғағы.
БҚО Ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Махсұдхан Аблазимов ата-баба дәстүрімен мерейтой иесінің иығына шапан жауып, сый-сияпат табыс етті. Жайлыбай Келдібайұлы құрметті еңбек демалысына шыққаннан кейін де бай тәжірибесін жас қызметкерлерге үйретіп, департаменттің қоғамдық өміріне белсене араласып келеді.

БҚО ІІД баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

Теңдесі жоқ миграциялық орталық

Бірінші рет елімізде шетелдіктерге ешбір кедергісіз қызмет көрсететін миграциялық ХҚО ашылды. Өткен аптада оның ресми …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған