Басқы бет / «Сақшы» газеті / Қоғам және заң / Марихуана саудасын қыздырып…

Марихуана саудасын қыздырып…

Шымкент қаласының полицейлері марихуана есірткі затын сатумен айналысқан 50 жастағы күдіктіні ұстады.
Шымкент қаласында ОҚО ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шарасы барысында есірткі затын сақтады деген күдікпен 1968 жылы туған күдіктіні ұстады. Күдіктінің үйін тінту кезінде 9 орама қағаз өсімдік тектес марихуана есірткісіне ұқсас зат тәркіленді. Сот-криминалдық сараптамасына сәйкес тәркіленген заттың салмағы 40 гр-нан асатын марихуана есірткі заты екені анықталды.
Қазіргі таңда аталған жайт бойынша Шымкент қалалық ІІБ Абай ПБ-мен ҚР ҚК-нің 297-бабымен «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауда. Тергеу жүргізілуде.

Шымкент қалалық ІІД баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

Осал нысандарға айрықша назар

Пәле қайдан дерің бар ма? Жан-жағың анталаған жау. Баяғыдай жоңғар немесе фашист келіп қалған жоқ. …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған