Пиротехникаға қарсы рейд жалғасуда

Пиротехникалық бұйымдарды бақылаусыз тарату және оларды қолдану кезінде тиісті өрт қауіпсіздігі шараларын сақтамаудың салдары көптеген өрттің шығуына, жарақат алу мен адамдардың қаза болуына, оның ішінде балалардың және жасөспірімдердің зардап шегуіне әкеп соғады. Пиротехникалық бұйымдар аса қауіптің ошағы болуына байланысты басты назар аударуды талап етеді.
Осыған орай, Жамбыл облыстық Ішкі істер департаменті мен Төтенше жағдайлар департаментінің мереке күндері азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдарды қолдану мен айналымы ережесін заңды және жеке тұлғалардың сақтауы жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспары аясында полиция қызметкерлерімен бірлесіп күнделікті базарларда, дүкендерде және басқа да сауда орындарында сертификатталмаған пиротехникалық өнімдерді сатуға тыйым салу іс-шаралары бойынша рейдтер жүргізілуде. Бұл жұмыстар облыстық теледидарда, радиода және газет беттерінде кеңінен жариялануда. Үнемі облыстық телеарнада пиротехникалық бұйымда қолдану кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптары бойынша бейнеролик көрсетілуде. Атқарылған жұмыс нәтижесінде мереке күндері пиротехникалық бұйымды қолдану кезінде өрттер және жарақат алу оқиғалары тіркелген жоқ. Қазіргі таңда сондай-ақ, «Крещение Господне» мерекесінің іс-шаралары өтетін орындарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.

Берік Сатыбалдиев,
Жамбыл облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*