Табанды тергеуші

Полиция қызметі әрбір қызметкерден кәсіптілікті, төзімділікті, табандылықты және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне ықыласпен қарауды талап етеді. Құқық қорғау органдарының негізгі міндеттерінің бірі – азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғау. Қылмысты жасау себептерін жан-жақты анықтау үшін қылмыс жасауда күдікті тұлғаны әшкерелеу қажет, міне осы алдын ала тергеу мен анықтау қызметтерінің міндеті осы.
Полиция қызметі саласында тергеу жұмысын түбегейлі ұйымдастырмайынша қандайда болмасын қылмысты ашу мүмкін емес. Қылмыс жасалған жерді бірінші болып қарайтындардың бірі – тергеушілер. Оқиға орнына жедел түрде келіп жеткен кез келген тергеуші ең алдымен қылмысты ашуға септігін тигізетін дәлелдемелерді іздейтіні анық. Қылмыстық істі сауатты жүргізу тергеушінің әр іс-әрекетіне байланысты. Тергеушінің жұмысы қашанда шыдамдылықты, төзімділікті талап етеді. Полиция саласындағы барлық қызметкерлермен қатар тергеуші де қылмысқа қарсы күрес жүргізуге міндетті.
Қылмыскерді табу – ол жұмыстың жартысы ғана, өйткені қылмыскердің кінәсін дәлелдеу қиын. Осы тұста тергеушінің кәсіби шеберлігінің деңгейі байқалады. Жақсы тергеуші болу үшін қызметін өміріне айналдыру керек. Міне, осындай бір тергеуші туралы сыр шерткелі отырмыз. Бұл – Павлодар стансасындағы Ішкі істер желілік бөлімінің аға тергеушісі, полиция майоры Ерік Құнанбаев. Ерік Бақытұлы ішкі істер органдарында 1993 жылдың қазан айынан бастап қызмет атқарып келеді. Өзінің полициядағы еңбек жолын осы бөлімде милиционер қызметінен бастаған. 2001 жылдан бері 10 жылдан астам уақыт анықтау бөлінісінде. Қызмет жолында әр іске жауапкершілікпен қарайтын, өз ісінің білікті маманы екенін танытқан ол 2015 жылы тергеу қызметіне ауысады. Қазіргі күні полиция майоры Ерік Құнанбаев аға тергеуші болып қызмет атқарып келеді. Ол 24 жылдай ішкі істер органдарында жұмыс істеп, бұл саланың қазіргі күнгі жағдайымен салыстыратын ерекшеліктері барлығын баяндай келе, бүгінгі таңда жалпы ішкі істер органының қылмыспен күрес жолындағы жұмыстарын тиімді атқаруға барлық жағдай жасалғанын айтады. Тергеушіге ең алдымен жұмыста жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін нақтылық, тиянақтылық, еңбекқорлық қажет, ісіне адал болуы керек. Міне, осы қасиеттер Еріктің бойында бар.
Ерік Құнанбаевтың ойынша, құқық бұзушылық жасаған адам жауапкершілікке тартылатынын білуі тиіс. Темір жол көлігіндегі қылмыстарды тергеудің ерекшелігі – жылжымалы құрам жүктерінің ұрлығына байланысты болатыны. Көбінесе осы ұрлықты темір жол жұмыскерлері жұмыс орындарында бола тұра жасайды.
Ерік өз тәжірибесіндегі осындай бір оқиға туралы баяндайды:
«Жартылай вагоннан ферроқорытпа өнімін ұрлау фактісі бойынша темір жол стансасының құрастырушысына қатысты қылмыстық істі тергеу барысында, темір жол жұмысшысы ұрлық жасаған уақытта маневрлік жұмыстар жүргіздім деп, ұрлық жасаған кінәсін мойындаудан бас тартты. Бұл істің ауырлығы, күрделілігі – күдікті станса жұмыскері маневрлік жұмыстарды расында да жүргізген. Алайда, жұмыс кестесінің сызбасын мұқият талдай отыра, қажетті материалдар талап етіліп, жұмыскердің кінәсі дәлелденіп, қылмыстық іс сотқа жолданды».
Ішкі істер органдарының қызметкеріне көп күш пен нақты талап қойылады. Бұған мысал, полиция майоры Құнанбаевты тәулігіне 24 сағат жұмыста деп айтуға болады. Оның жанұясы бұған түсіністікпен қарап, жұбайы Гүлжанат 20 жылдай Ерікпен бірге оның қызметінің қиындығын бөлісуде, қай мезгілге қарамастан, жылы қабақ танытып, күлімсіреп, «өзінің полицейін» жұмысына шығарып салып, қарсы алады. Ерік тек қана өз қызметінің үздігі ғана емес, сонымен бірге отбасының тірегі, ұлы Қайырболат пен қызы Камилаға үлгі болатын қамқор әке.

А. Нұрбанова, Павлодар ст. ІІЖб

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*