Генералдың биігі

Генерал Ағзам Мұхажановтың өмірі сан тараудан тұратын, мазмұны бай кітапқа ұқсайды. Болашақ генерал Семей облысы Абай ауданы Арқат жерінде 1923 жылғы 1 қаңтарда кедей шаруа отбасында дүниеге келді. 1940 жылы Семей облысы Шар стансасындағы орталау мектепті бітірді.
Ол өзінің еңбек жолының есебін қырқыншы жылдардың басынан бастайды. Орта мектепті бітірген соң жас жігіт Семейдің ет комбинатына жұмысқа тұруға келеді. Бұл алып тамақ өндірісі Кеңес одағы кеңістігінің ең ірі кәсіпорыны болды. Онда мыңдаған қала және облыс жанындағы ауылдардың тұрғындары жұмыс істеді. Жас жұмыскерді оқу үшін СОФ жолдады, онда ол слесарь мамандығын алды. Екі жыл жұмыстан соң 1942 жылы тамызда Ағзам Мұхажанов Қызыл армия қатарына шақырылды, одан ХІІК органына қызмет ету үшін жіберілді.
1947 және 1967 жылдары Талдықорған, Оңтүстік Қазақстан және Гурьев, Павлодар облыстарының еңбекпен түзеу колонияларында әртүрлі басқарушы лауазымын атқарды. Осы кезеңде ІІМ Орджоникидзе әскери училищесінің басқарушы құрамында қайта дайындау курсынан өтті, ІІМ РСФСР жоғарғы мектебін сырттай бітірді және жоғарғы заңгерлік білім алды.
1967 жылдың басында А. Мұхажанов Қазақ КСР Қоғамдық тәртіпті күзету министрлігінің орталық аппаратына Тұтқынға алу басқармасының өндірістік бөліміне бастық лауазымына ауыстырылады, бірақ 1968 жылдың сәуірінде А. Мұхажанов Павлодар облысының УООП бастығының орынбасары лауазымына тағайындалады, ал 1976 жылдан 1985 жылдары ол Павлодар облыстық ІІБ басқарды.
Ішкі істер органындағы қызметі кезінде ол бірнеше рет мадақталды, «Құрмет белгісі» ордені, 15 медаль, «ІІМ еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісі бар. Қазақ КСР Ішкі істер министрлігінің Құрмет грамотасымен екі ретмарапатталған, ал 1979 жылы оған «милиция генерал-майоры» атағы берілді.
1985 жылдың желтоқсанынан Ағзам Мұхажанұлы құрметті еңбек демалысына шығып, Павлодар қаласында өрт-техникалық орталық құрды. Құрылыс салу үшін, сондай-ақ қала тұрғындарының қатынауына қолайлы болу үшін бұрын бірінші қалалық өрт бөлімі болған жер қаланың орталығынан бөлінді. Құрылыс шаруашылық тәсілі негізінде, өрт қызметі жұмыскерлерінің күштерімен жүргізілді. Құрылыс рекордтық қысқа мерзімде аяқталды, одан соң Ағзам Мұхажанұлы өмірінің соңғы жылдарына дейін оның басшысы болды. Орталықтың ең басты тапсырмасы облыстың тұрғындарына өрт қауіпсіздігі талаптарын терең де түсінікті түсіндіру және азаматтарды өртпен күрес шараларына, алғашқы өрт сөндіру құралдарын қолдануға үйрету болып табылады.
Ағзам Мұхажанұлы екі бала тәрбиеледі, ұлы Сергей – полиция полковнигі, КСРО ІІМ Академиясын бітірді, қызы Галина Алматының халық шаруашылығы институтын бітірді, Астана қаласында тұрады. Ішкі істер органдарындағы қызмет еткен жылдарында ол қылмыспен күрес және құқықтық тәртіпті нығайту ісіне қомақты үлес қосты, өзін тәжірибелі ұйымдастырушы, жоғары білімді, ең қиын және жауапты тапсырмаларды шешуге қабілетті, сонымен қатар өзіне бағыныштыларға үлкен талап қоя білетін басшы ретінде көрсетті. Жылдар өтті. Ағзам Мұхажанұлы бүгінде арамызда жоқ, бірақ оның еңбегі ізсіз кетпейді. Полицияның жас қызметкерлері сол кісілер секілді жауапкершілікпен қызмет атқаруды жалғастыруда. Өрт-техникалық орталық келушілерді қабылдайды, онда генерал Мұхажановтың екінші буыны (ұрпағы) экскурсия жүргізеді.

Гүлнар СЕЙЛХАНОВА,
Павлодар облысы ТЖ департаменті
өрт-техникалық орталықтың басшысы

Сондай-ақ, оқыңыз

Өнегелі өмір өрнегі

Ішкі істер органдарының ардагері Дауылбай Қарашаев таяуда 80 жасқа толды.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған