Басқы бет / «Сақшы» газеті / Қызмет / Құтқарушы – жыл үздігі

Құтқарушы – жыл үздігі

Орал қаласында «Жыл үздігі-2017» жыл сайынғы жастар сыйлығы бойынша байқаудың қорытындысы аяқталды.
«Бұл байқау 2008 жылдан бастап талантты жастарды қолдап, саяси және қоғамдық өмірге белсенді қатысып, өз кәсібі бойынша шеберлігін арттырған ең үздік жас мамандарды анықтау мақсатында ұйымдастырылып келеді.
Биылғы жылы «Жыл үздігі» жеңімпаздарын 11 негізгі және 2 арнайы номинация бойынша анықтады. «Ерлігі мен қайсарлығы үшін» арнайы номинациясына Батыс Қазақстан облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы Рустем Губашев ие болды.
Рустем Жедел-құтқару жасағына 2009 жылы қыркүйек айында қызметке келді. 1 санатты құтқарушы – құтқару жасағының команда капитаны, «Қазқұтқару» халықаралық құтқару жасағының арасында ұйымдастырылған оқу-жаттығу жиындарына екі рет қатысып, команданы жеңіске бастаған, «Лосиные ойындарының» іздестіру-құтқару жұмыстары бойынша екі дүркін жеңімпазы, республикалық «Нептун» суда-құтқару сайысының жеңімпазы.
2017 жылы Рустем Губашев құтқару бөлімшесінің басшысы ретінде 169 рет түрлі сипаттағы төтенше жағдайлардағы шақыруларға шықты, атап айтканда 86 рет есік ашу, 6 рет ЖКО, 25 рет суда құтқару-іздеу, 4 рет құрғақ жердегі іздеу-құтқару, 21 рет кейінге қалдыруға болмайтын жұмыстар, 4 рет өзіне-өзі қол жұмсау бойынша, 26 рет апаттық-құтқару жұмыстарында өз міндетін мүлтіксіз атқарды.
Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін Рустем бірнеше рет алғыс хатпен және құрмет грамоталарымен, «ІІІ дәрежелі құтқару» төсбелгісімен марапатталды. Жедел-құтқару жасағының ұжымы Р. Губашевті лайықты марапатымен құттықтайды.

Л. АБДРАХМАНОВА, Батыс Қазақстан облысы

Сондай-ақ, оқыңыз

Полиция подполковнигі Талғат ҚОЖАБАЕВ: Спортшы полицейлерге қолдау көп

Спорт – тәртіп сақшыларының айнымас серігі. Бұған бүгінгі таңда талай ірі жарыстарда топ жарып жүрген …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған