Қылмыс саны қысқарып келеді

Алматы облысының әкімдігінде өңірдің қала және аудан тұрғындарының қатысуымен облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Марат Күштібаевтың есептік кездесуі өтті. Халық алдындағы есепті ЖПҚ басшысы бейнебайланыс режимінде өткізді.
Өзінің баяндамасында полиция полковнигі М. Күштібаев жалпы қылмыс санының азайғанын, олардың арасында тонаушылық – 12%, ұрлық – 24,8% және бұзақылық – 29% құрап отырғанын айтты. Сонымен қатар, қоғамдық орындарда жүргізілген жұмыстардың нәтижелері бойынша олардың саны – 3,5% -ға, оның ішінде көшелерде –10,9%-ға төмендегенін атап өтті.
Полиция қызметкерлерінің мәлімдемесі бойынша құқық қорғаушылар жолдардағы тәртіпке басты назар аударуда. Мәселен, жол-патрульдік полициясы қызметкерлері «Крис-П» қозғалмалы фоторадарлы кешенді қолданады. Олардың көмегімен осы жылдың 11 айында жылдамдық режимін сақтамау фактілеріне байланысты 83123 жол қозғалысы ережелерінің бұзылуы анықталған.
Өңірде апаттық жағдайды ескере отырып, «Қауіпсіз қала», «Мас жүргізуші» және т.б. бірнеше жедел-алдын алу шаралары өтті. «Қабылданған шаралар нәтижесінде жол-көлік оқиғаларының саны 4%-ға төмендеді, жолдарда қаза тапқан адамдардың саны 20,9%-ға қысқарды», – деді Марат Күштібаев. Бейнебайланыс арқылы облыстың барлық аудандары мен қалаларының тұрғындары сұрақ қоюға мүмкіндік алды. Олар негізінен мал ұрлығы, азаматтардың жекеменшігін ұрлау, полицияның қоғамдық көмекшілері қатарына және ішкі істер органдарына қызметке тұру секілді мәселелер төңірегінде өз сауалдарын жолдап, тиянақты жауап алды.

 

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*