Басқы бет / «Сақшы» газеті / Қызмет / Пиротехникалық заттарға сақтықпен қара

Пиротехникалық заттарға сақтықпен қара

Соңғы жылдары отшашулар, жарылғыш және тағы басқа пиротехникалық заттарды қолданудан шыққан өрт оқиғалары жиі тіркелуде. Қауіпті ойыншықтармен ойнап, нәтижесінде балалар әртүрлі дәрежедегі күйік, жарақат алған өрт фактілері баршылық.
Мысалы, соңғы екі жылда облыстың емдеу мекемелеріне жарылғыш пакеттерді қолдану салдарынан әртүрлі термиялық күйік алған 15 адам түскен, олардың көбісі 9 жастан 12 жасқа дейінгі балалар.
Осыған ұқсас жағдайлардың алдын алу үшін, 23 желтоқсанда Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жергілікті атқарушы органдардың, жергілікті полиция қызметінің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен бірге сертификаттанбаған пиротехникалық өнімдерді сату жерлеріне рейд жүргізді. Мұндай рейдтер бұл күні тек Тараз қаласында ғана емес, облыстың барлық аудандарында да ұйымдастырылды.
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында пиротехниклық өнімдер көптеп сатыла бастайды, әдетте, олар сертификатталмаған және арнайы белгіленбеген жерлерде сатылады. Ережелерге сәйкес, азаматтық пиротехникалық заттар ішкі істер органдарында тіркелген қоймаларда сақталуы тиіс. Пиротехниканы тек оны сақтауға жағдай жасалған орындарда сатуға болады, оларға тікелей күн сәулесінің, жаңбыр немесе қардың тиюіне жол бермеу қажет. Бірақ, отшашулар мен жарылғыш пиротехникалық заттар базарларда бақылаусыз және ешқандай талаптарды сақтамай сатылып жатады.
Пиротехникалық өнімдерді 14 жасқа толмаған балаларға сатуға тыйым салынады.

Айсұлу ТІЛЕУҚҰЛОВА, Жамбыл облысы

Сондай-ақ, оқыңыз

Шекара күзеткен сарбаз

Ақтөбелік тәртіп сақшысы Серік Қолғанатов тәжік-ауған шекарасына қазақстандық бітімгерлік батальонының кіргеніне 25 жыл толуына орай …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған