Басқы бет / «Сақшы» газеті / Қызмет / Күн тәртібіндегі үш мәселе

Күн тәртібіндегі үш мәселе

Жуырда Атырау облысы әкімінің орынбасары Сағындық Есенғалиұлының төрағалығымен облыстық Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Күн тәртібіндегі мәселелер – «Мұз тұру және сең жүру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру»; «Жаңа жылдық мереке қарсаңындағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету» және «Облыс көлеміндегі пиротехникалық өнімдерді заңсыз сату және алдын алу шаралары».
Бірінші мәселе бойынша «Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы» ММ басшысы Ершат Қибашев мұз тұру және сең жүру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларының ұйымдастырылуы жөнінде баяндады. Сонымен қатар, Құрманғазы және Махамбет аудандары әкімдері орынбасарларының аталған жайт бойынша қосымша баяндамалары тыңдалды.
Екінші мәселе бойынша Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы бастығының орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі Жаңылсын Оразғалиева баяндама жасап, департамент қызметкерлері ұйымдар мен тұрғындар арасында пиротехникалық бұйымдарды қауіпсіз қолдану жөнінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, қатаң бақылауға алғандығын жеткізді. Облыс көлеміндегі пиротехникалық өнімдерді заңсыз сату және алдын алу шаралары бойынша Атырау облыстық ІІД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, Руслан Әділов мәлімдеді.
Отырыс соңында аталған мәселелер жөнінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу іс-шаралары бойынша қала және аудандардың, мекемелер мен ұйымдардың басшыларына комиссия төрағасы тарапынан хаттамалық тапсырмалар берілді.

А. КАРТИМОВА, Атырау облысы

Сондай-ақ, оқыңыз

Полиция подполковнигі Талғат ҚОЖАБАЕВ: Спортшы полицейлерге қолдау көп

Спорт – тәртіп сақшыларының айнымас серігі. Бұған бүгінгі таңда талай ірі жарыстарда топ жарып жүрген …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған