Басқы бет / «Сақшы» газеті / Уақыт тынысы / Заманауи техника – жаңа мүмкіндіктер
SAMSUNG CAMERA PICTURES

Заманауи техника – жаңа мүмкіндіктер

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментіне жаңа техникалар мен құрал-жабдықтар берілді.
Төтенше жағдайлар департаментінің жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жұмыс жүргізуі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан пайда болатын проблемалық мәселелерді жедел және сапалы шешуге мүмкіндік беруде.
Адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың мүліктерін қорғау, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою – Жамбыл облысы Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің ең маңызды міндеті. Бұл мәселе Жамбыл облысы басшылығының үнемі бақылауында.
Бүгінгі таңда Төтенше жағдайлар департаменті халықтың қауіпсіздігі жолында аянбай қызмет етіп келеді. 2017 жылдың 11 айында облыстың тұрғындарына көмек көрсетуге 4 мыңнан астам шақыртуларға шығып, 947 адам құтқарылған. Төтенше жағдайлардың аймағынан 1000-нан астам адам көшіріліп, 67 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде биылғы жылы өңірімізде төтенше жағдайлардың салдарынан зардап шеккендер мен келтірілген шығын азайып отыр.
Облыс тұрғындарының өмірі мен денсаулығы, облысымыздың экономикалық қауіпсіздігі азаматтық қорғау жүйесінің дайындық деңгейіне, олардың апатты жағдайларда жедел әрекет етуіне тікелей байланысты. Сол себепті департаменттің апаттық-құтқару бөлімшелерін жабдықтауға жергілікті атқарушы органдардың тарапынан үлкен көңіл бөлінуде.
Жуырда Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің №15 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде облыстық бюджеттен алынған апаттық-құтқару жабдықтары мен құралдарының таныстырылымы өтіп, онда Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Б. Орынбеков Жамбыл облысы ТЖД бастығы Б. Даниловқа жаңа 2 автокөлік пен бір арнайы техниканың кілттерін тапсырды.
Сонымен қатар, аталған іс-шарада республикада аналогы жоқ интерактивті картаның таныстырылды. Аталған карта көшкін, су тасу, қар басу қауіптілігі, су басу қаупі бар учаскелерде жағдайды бағалауға, сонымен бірге, жарылыс, өрт қаупі бар және химиялық-биологиялық объектілерде жағдайдың өршу барысын жедел бағалауға мүмкіндік береді. Яғни қандайда бір ТЖ болуы мүмкін кезде картадан төтенше жағдайдың жайылу аймағы мен ол жерге апаттық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу үшін қажетті күштер мен құралдарды есептеуге болады.
Онымен қоса, шатырлар, жеке қорғану құралдары, мотопомпалар, кәсіби ұшқышсыз ұшатын құрылғы, т.б. ұсынылды.
Облыс басшылығының қолдауымен департаменттің техникалық базасы мен апаттық-құтқару құралдары жылдан-жылға толығып келеді және аталған техникалар мен жарақтар тілсіз жаудан, түрлі сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жолында құтқарушылардың мүлтіксіз қызмет атқаруына көмегін тигізуде.

Аида ҚҰДАЙҚҰЛ, Жамбыл облысы

Сондай-ақ, оқыңыз

Жүйелі жаттығу қорғанысты нығайтады

Полиция қызметкерлерінің даярлығын арттыру мақсатында Ішкі істер министрлігі 2017 жылы оқу-жаттығу жиындары өткізілетін ішкі істер …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған