Басқы бет / «Сақшы» газеті / Уақыт тынысы / Әмиянды иесіне қайтарды

Әмиянды иесіне қайтарды

9 желтоқсан күні кешкілік уақытта Астана қаласында Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің жауынгерлері ақша мен құжаттары бар әмиян тауып алып, иесіне қайтарды.
Патрульдік топ бастығы, қатардағы Нұрсұлтан Кенжебек пен патрульші қатардағы Станислав Логинов қоғамдық тәртіп күзеті бойынша қызмет атқару барысында Астана қаласының Алматы ауданынан ішінде 20 000 теңге мен екі банк картасы бар әмиян тауып алды.
Анықтай келе, бұл әмиянның елордалық жоғары оқу орындары студенттерінің біріне тиесілі екені белгілі болды. Жауынгерлер әмиянды табардан жарты сағат бұрын, бойжеткен полиция бөлімшесіне оның жоғалғаны туралы хабарласқан екен. Сарбаздар нақтылау үшін бойжеткенге қоңырау шалып, қосымша сұрақтарға берілген жауаптарды банк картасындағы мәліметтермен салыстырады. Әмиян иесі туралы ақпараттың растығына көздерін жеткізген соң, жарты сағат ішінде оны заңды иесіне қайтарады.
«Әмиянымдағы қаражат пен құжаттар түгел орнында тұр екен. Осы жігіттер болмағанда, мен бір ай бойы ақшасыз жүрер едім. Жедел көмегі мен адалдығы үшін сарбаздарға үлкен рахмет айтамын!», – дейді Аяулым Серік ұландықтарға деген алғысын білдіріп.

Сондай-ақ, оқыңыз

Теңдесі жоқ миграциялық орталық

Бірінші рет елімізде шетелдіктерге ешбір кедергісіз қызмет көрсететін миграциялық ХҚО ашылды. Өткен аптада оның ресми …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған