Шерулер шырық бұзбасын

8 желтоқсанда Ішкі істер министрлігінде ішкі істер органдарының қызмет мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті қоғамдық тыңдауы өтті. Ол «Жиналыс, митингілер, демонстрациялар, шерулер мен бас көтерулер, конституциялық құқықтық пайдалану» тақырыбында өңірлермен бейнебайланыс режимінде өтті.
Іс-шараға кеңес төрағасы, заң ғылымдарының докторы Марат Қоғамов, кеңес мүшелері, Астана қаласындағы ЕЫҚҰ Бағдарламасының Бас офисі басшысының орынбасары Диана Дигол, қазақстандық халықаралық адам құқығы және заңдылықты сақтау бюросының директоры Евгений Жовтис, Халықаралық көші-қон саясатын дамыту жөніндегі орталық жобаларының үйлестірушісі Роман Макуха, сондай-ақ, азаматтық қоғам және БАҚ өкілдері қатысты.
Қоғамдық тыңдау барысында Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы, полиция генерал-майоры Игорь Лепеха елімізде жиналыстар, митингілер, шерулер, бас көтерулер және демонстрациялар ұйымдастыру және өткізу тәртібі және тиісті заңда көзделген нормалар туралы айтты. Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтарға бейбіт және қарусыз жиналуға, жиналыс, митингілер, демонстрациялар, шерулер мен бас көтерулер өткізуге құқық береді. Олардың тәртібі еліміздің заңнамасымен белгіленген. Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеха жиналыстар мен митингілерді ұйымдастыру және өткізу кезінде қауіпсіздік мәселелері, алдымен акцияға қатысушылардың қауіпсіздігі туралы мәселе бірінші кезекке қойылатынын атап өтті.
Қазіргі уақытта елімізде азаматтардың бас қосу еркіндігі және олардың өз тілектері мен пікірлерін тыйым салынбаған әдістермен шешу үшін барлық жағдай туғызылған. Атап айтсақ, Қазақстанда жиналыстарды ұйымдастырудың құқықтық реттелуі халықаралық құқықтың нормаларына және шетелдік жалпыға бірдей қабылданған тәжірибесіне сәйкес келеді. Қазақстандық халықаралық адам құқығы және заңдылықты сақтау бюросының директоры Евгений Жовтис, Халықаралық көші-қон саясатын дамыту жөніндегі орталық жобаларының үйлестірушісі Роман Макуха тақырып бойынша баяндамалар мен таныстырылымдар жасады.
ІІМ Қоғамдық кеңесі заңнамада көзделген қоғамдық бақылаудың 4 нысанын (қоғамдық мониторинг, қоғамдық тыңдау, қоғамдық сараптама, мемлекеттік органның есебін тыңдау) іске асыруда. 2016-2017 жылдары Кеңес ҮЕҰ, халықаралық ұйымдар, мемлекеттік органдардың ғылыми шеңберде, азаматтық қоғамның басқа да институттарын қатыстыра отырып, қоғам мен мемлекеттің өзекті мәселелері бойынша 5 қоғамдық тыңдау өткізді. Нәтижелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстары бар қорытынды хаттамалар жасалды. 2016 жылы құрылғаннан бастап Қоғамдық кеңестің 12 отырысы өткізіліп, оның мүшелері азаматтардың құқықтары, бостандығы мен міндеттемелеріне қатысты 298 нормативтік құқықтық актілерді және азаматтардың 73 арызын қарады.

Ақжан ИБРАГИМОВА, суреттерді түсірген
Бек ИМЕКЕШОВ, Қанат КӨЛБАЕВ

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*