Басқы бет / «Сақшы» газеті / Қызмет / Тоғыз жол торабындағы желілік бөлім

Тоғыз жол торабындағы желілік бөлім

Шу стансасындағы Ішкі істер желілік бөлімінің қызмет көрсету аумағы 734 шақырымды құрайды. Оған Сарышаған, Шығанақ, Отар, Шоқпар желілік полиция бөлімшелері кіреді. Аталған стансаға тәулігіне 44-50 жолаушылар пойызы келіп-кетеді, жолаушылар ағыны тәулігіне 800-1000 адамды құрайды. Бүгінгі таңда Шу стансасындағы ІІЖБ қызметкерлері темір жол бойындағы қауіпсіздікті күшейту мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізуде. Сол жұмыстардың бірқатарын Шу стансасындағы ІІІЖБ бастығы, полиция майоры Орынбай Дүйсембиев айтып берді.

– Орынбай Қуанышбекұлы, жуырда Шу стансасындағы Ішкі істер желілік бөлімі жаңа ғимаратқа қол жеткізіп, қоныс тойын тойлады. Бірінші кезекте, заман талабына сай салынған ғимараттың жаңаша сипаттарына тоқтала кетсеңіз?
– Иә, қазан айында біздің желілік бөлім жаңа әкімшілік ғимаратқа көшті. Оның ашылу салтанатына Көліктегі Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Даниярбек Мұсаев қатысты. Өткен жылы тілсіз жау жалмаған бөлім ғимаратына бір жылдың ішінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, заманға сай құрылғылармен жабдықталды. Қазіргі таңда құқық қорғау қызметкерлеріне пайдалануға беріліп отырған ғимарат сапалы қызмет көрсетуге дайын.
Сіздің басшылығыңыздағы бөліністің қызмет көрсету аумағында орын алып отырған қылмыстар жөнінде айтып өтсеңіз?
– Бүгінде орын алып отырған қылмыстардың басым бөлігін есірткі заттарын заңсыз тасымалдау фактілері, жолаушылар пойыздарындағы ұялы телефон ұрлығы мен жылжымалы құрамнан жүк ұрлығы құрайды.
Есірткі заттары көп ретте темір жол көлігімен тасымалданады. Қылмыстық топтар адамзат баласына қасірет әкелетін осы заттарды түрлі қитұрқы жолдармен тасымалдауға тырысады. Алайда, қырағы сақшылардың сақ әрекеттерінің арқасында олардың жолдары кесіліп жатады. Мәселен, жыл басынан бері Шу стансасындағы ІІЖБ қызмет көрсету аумағында қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен есірткі заттарын заңсыз тасымалдауға қатысты 28 дерек анықталды.
Бүгінгі таңда өткізіліп жатқан түрлі операциялардың да негізгі мақсаты есірткі заттарымен, психотропты немесе улы заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзу, аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау бойынша көзделген қылмыстарды анықтау болып табылады.
Желілік бөлімде Елбасының «Бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамы» Ұлт жоспарында атап көрсетілген полиция қызметіне жүктелген міндеттердің орындалу барысы туралы не айтар едіңіз?
– Елбасы бекіткен Ұлт жоспарының 28-қадамы – «Полиция қызметкерлерін іскерлік қабілеттері негізінде іріктеу жүйесін жақсарту. Кәсіби дағдыларын және жеке тұлғалық қасиеттерін тексеру үшін полиция қызметкерлерін және қызметкерлікке кандидаттарды тестілеудің арнайы жүйесін енгізуге» бағытталды.
Осыған сәйкес, ішкі істер органдарының қатарына қызметкерлерді қабылдауда санға емес, сапаға мән беру маңызды. Бір сөзбен айтқанда, полиция қатарына арнайы кәсіби дайындығы бар, моральдық тұрғыда тұрақты, тиісті сынақтардан сүрінбей өткен, әрі денсаулығы мықты азаматтар ғана қабылдануда.
Осы жылдан бастап әрбір үміткер Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тестілеу орталығында тест тапсырып келуі қажет.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ұсақ құқық бұзушылық пен тәртіпсіздікке «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру мақсатында Сіздің желілік бөлінісіңізде қандай жұмыстар атқарылуда?
– Мемлекет басшысының құқық қорғау органдарының алдына қойған тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Шу стансасындағы ІІЖБ-нің қызмет көрсету аумағында ұсақ құқық бұзушылық пен тәртіпсіздікке «мүлдем төзбеушілік» қағидаты бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Соның бірі – темір жол нысандарындағы қауіпсіздікті сақтаумен қатар, құқық бұзушылықтар мен тәртіпсіздіктердің алдын алу мақсатында ұсақ құқық бұзушылық пен тәртіпсіздікке «мүлдем төзбеушілік» акциясы өткізіліп отырады. Шара аясында көлік полицейлері прокуратура, «Нұр Отан» партиясы, темір жол мекемелері қызметкерлерімен бірлесе темір жол вокзалындағы халықпен, сонымен қатар, жолаушылар пойызына мініп, Сарышаған, Шығанақ, Шоқпар, Отар стансалары аралығына дейін жолаушылармен кездесу өткізіп отырады.
Көтеріліп отырған тақырыптың өзектілігін кеңінен түсіндіру мақсатында қоғамдық орындарды ластау, көпшілік орындарда мас күйде жүру, рұқсат етілмеген орындарда шылым шегу, тәуліктің түнгі уақыттарында жасөспірімдердің үлкендерсіз көшеде жүруі, темір жолдарды белгіленбеген орындардан кесіп өту фактілерінің алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, жолаушыларға қолданыстағы әкімшілік заңнамалардың нормалары түсіндірілген профилактикалық сипаттағы ескерту парақшалар мен жадынамалар таратылады.

Шу стансасындағы ІІЖБ
Кадр жұмысы тобы

Сондай-ақ, оқыңыз

Полиция подполковнигі Талғат ҚОЖАБАЕВ: Спортшы полицейлерге қолдау көп

Спорт – тәртіп сақшыларының айнымас серігі. Бұған бүгінгі таңда талай ірі жарыстарда топ жарып жүрген …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған