Басқы бет / «Сақшы» газеті / Қызмет / Мұз үстіндегі қауіпсіздік

Мұз үстіндегі қауіпсіздік

Балық аулауды ұнататындар үшін тамаша уақыт басталды. Өйткені, бұл кезеңде балықтар қармаққа жиі түсе бастайды. Осылайша өзендер мен көлдерге «жорыққа» шыққан балықшылар, өкінішке орай, көбіне сақтық шараларын білмей жатады.
Осыған орай Астана қаласы ТЖ департаменті және ІІМ ТЖК «Орталық өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасағы» ММ құтқарушылары бұқаралық ақпарт құралы өкілдерімен бірлесіп, «Қауіпсіз мұз» профилактикалық акциясын өткізді.
Акция аясында елордалық құтқарушылар жиі балық аулайтын орындарға рейд ұйымдастырып, мұз бетіндегі жүріс-тұрыс ережелері бойынша брошюралар мен жадынамалар таратты. ТЖК «ОӨАЖҚЖ» ММ құтқарушыларының мұз астына түсіп кеткен адамды құтқару және зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша іс-қимылдарының көрсетілімі болды.
Жыл сайын мұз қату кезеңінде адамдар мен техникалардың мұз астына түсіп кету жағдайлары тіркеледі. Ағымдағы жылы 1 оқиға орын алып, 1 адам суға батып кетті (2016 жылы – 1 оқиға). ТЖ департаменті қызметкерлері күн сайын адамдардың қаза болуы мен жарақаттануына жол бермеу мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Осылайша ағымдағы жылдың 3 желтоқсанында Төтенше жағдайлар департаменті, Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері және ОӨАЖҚЖ құтқарушыларымен бірге Есіл өзеніне рейд жүргізді.
Мұздағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін үгіттеу кітапшалары мен буклеттер әзірленіп, азаматтарға қауіпсіздік талондары таратылды. Қазіргі уақытта «ОӨАЖҚЖ» мемлекеттік мекемесі қаланың су объектілерінде 20 ескерту және тыйым салу белгілерін орнатты.
Қаланың су қоймаларындағы апаттардың алдын алу үшін құтқарушылар бақылауды күшейтіп, қысқы кезеңде су объектілерінде қауіпсіз жүріс-тұрыс тәртібі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізетін болады.

Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

Полиция подполковнигі Талғат ҚОЖАБАЕВ: Спортшы полицейлерге қолдау көп

Спорт – тәртіп сақшыларының айнымас серігі. Бұған бүгінгі таңда талай ірі жарыстарда топ жарып жүрген …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған