ҒЫЛЫМИ ЖАРИЯЛАНЫМДАР ЭТИКАСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

«ҚР ішкі істер Министрлігі Хабаршы-Вестник» журналы редакциясы баспа-редакциялық процестің барлық кезеңінде этикалық нормаларды сақтауға тырысады.

Редакцияның этикалық нормалары

Журналдың әр шығарылымы мен сайтында авторлар үшін «ҚР ішкі істер Министрлігі Хабаршы-Вестник» журналына басылатын жарияланымдар туралы шарттар мен мақалаларға қойылатын талаптар көрсетілген ақпарат беріледі. Талаптар барлық авторларға бірдей.
Егер авторлар журналдың этикасын сақтамаған жағдайда немесе журнал тақырыбына сәйкеспесе не сапасы төмен болса, тәуелсіз рецензиялаудан өткенше редакцияның материалды жариялауды тоқтата тұруға құқы бар.
Автор жұмысынан даусыз қателік болған жағдайда қысқа уақыт аралығында сәйкесінше түзетулер енгізуге мүмкіндік беріледі.
Алдын ала сараптама кезінде мақұлданған кез келген мақала рецензияланады. Рецензиялаушының ұсынымы мақаланы жариялауда нақты шешім қабылдауға негіз болады. Редколлегия журналдағы материалдың жариялану мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы нақты шешімді этикалық нормалар мен авторлық құқыққа қатысты заң аясында әрекет ететін журнал саясатын басшылыққа ала отырып шығарады.
Редколлегия мүшелері мақаланы өз журналдарында жариялауға мүмкіндігі бар, бірақ редакциялық коллегия мүшелері жазған журнал саясаты бойынша мақаланы айтарлықтай біршама өңдеуде олар өз ережелерін, құзырларын пайдалана алмайды. Журналда аталған жағдайда рецензиялау процесіне ықпал ету мүмкіндігін болдырмауға кепілдік беретін редколлегия мүшелерінің материалды қарап талқылау тәртібі анықталған.
Редакция мәтіннің плагиаттығына, мәліметтердің плагиаттығына және идеялар плагиаттығына барынша тосқауыл болады. Мәліметтері бұдан бұрын мақала, монография, диссертация, диссертация авторефераттары, патент, ғылыми есеп және тб. Ретінде жарық көрген плагиаттық және плагиаттық белгілері бар мақалалар жарияланбайды. Редакция автордың саяси және діни көзқарастары, дербес мәліметтер туралы ақпараттарға тәуелсіз түрде қолданыстағы заң нормаларын есепке ала отырып, қолжазбалардың тек қана ғылыми мазмұнын бағалайды. Мақала жарыққа шықққанға дейін редакция журналдағы материалдың жағдайы жөнінде оның авторларынан басқа ешкімге мәлімет бермейді.
Редакцияның барлық қызметкерлері қарамағына берілген жұмыс туралы ақпаратты оған сәйкес автордан, рецензиялаушы, өзге редакциялаық кеңесшілерден өзге ешкімге айтпайды. Редакциялау барысында алынған ақпарат немесе идея құпия болып есептеледі.
Автор және рецензиялаушы тарапынан дау-дамай туа қалған жағдайда қолжазба өзге рецензиялаушының қарауына беріледі. Егер мүдделер бәсекелестігі мақала жарияланғаннан кейін анықталса, редакция жарияланымға түзетуді қамтамасыз етуге міндеттеледі.
Ұсынылған қолжазба немесе жарияланған мақала бойынша этикалық шағымдар түскен жағдайда журнал редакциясы орынды дұрыс шаралар қабылдауға міндеттеледі. Әдепсіз мінез-құлық таныту фактілері туралы кез келген хабарлама жарияланым мерзіміне қарамастан қаралатын болады. Егер этиканы бұзған деректер дәлелденсе, журнал беттеріне немесе сайтқа түзетуге сәйкес кешірім сұрау немесе мәліметті теріске шығару туралы жарияланым орналастырылады.

Жарияланым авторының этикалық нормалары

Авторлар (немесе авторлар ұжымы) ғылыми журналға материал берген кезде келесідей қағидаларды сақтауды ұйғаратын ғылыми зерттеу нәтижелерінің анық, дұрыстығына қатысты жаңалықты жариялаудағы бастапқы жауапкершілікті сезінуі тиіс: Мақала авторлары жүргізілген зерттеулердің дұрыс, анық нәтижелерін беруі тиіс. Әдейі қателескен немесе бұрмаланған пайымдаулар қабылданбайды. Авторлар ұсынылған қолжазбада баяндалған зерттеулер нәтижесі толығымен түпнұсқа екеніне кепілдік беруі тиіс. Қолданылған үзінділер немесе пайымдаулар автордың міндетті сілтемесі және түпдереккөз ретінде берілуі тиіс. Шектен тыс мәтін қолдану, сонымен бірге рәсімделмеген дәйексөздерді өзгертіп беру немесе басқа біреудің зерттеу нәтижелерін иемдену сияқты кез келген формадағы плагиаттық – әдепсіздік болып табылады және қабылданбайды. Сілтемесіз берілген мәліметтер алыс-берісі редакциялық коллегия тарапынан плагиат ретінде қаралады. Авторлар қолжазбада тек шынайы деректер мен мәліметтерді қолдануы тиіс; өзге зерттеушілердің экспериментті қайталауы және тексеру үшін жеткілікті түрде ақпарат келтіруі тиіс; ашық хат түріндегі рұқсатсыз берілген жеке түрде алынған ақпаратты қолданбау; мәліметтердің бұрмалануына және жалған болуына жол бермеуі тиіс. Жарияланымның қосарланып яғни қайта жариялануына (автор өзі жолдаған жолдама хатында жұмыстың алғаш рет жарияланып отырғанын көрсетуі тиіс) жол бермеу керек. Егер қолжазбаның жекелеген бөліктері бұрын-соңды жарияланған болса, автор ертеректе жазылған жұмысына сілтеме жасауы және жаңа жұмыстың бұрын жазылған жұмыстан ерекшеліктерін көрсетуі тиіс.
Авторлар журналға басқа бір басылымға жолданған және қаралу үстіндегі қолжазбаларын және өзге журналда жарияланып кеткен мақалаларын ұсынбауға тиіс.
Қалай болғанда да зерттеу барысына әсері болған барлық тұлғалардың үлесі ескерілуі тиіс, соның ішінде мақалада зерттеу жүргізу барысында маңызы болған жұмыстарға сілтемелер көрсетілуі қажет.
Жұмысқа сын айтылған жағдайда немесе үшінші адамның қатысуымен ескертпелер болған жағдайда авторлар этикалық нормаларды сақтауы тиіс.
Мақаланың бірлескен авторлары ретінде зерттеу жүргізуге елеулі үлес қосқан барлық тұлғалар көрсетілуі тиіс. Бірлескен авторлар ретінде зерттеуге қатыспаған адамдардың аты-жөнін көрсетуге болмайды.
Авторлар редколлегия және рецензиялаушылардың жұмыстарына сыйластықпен, түсіністікпен қарап және көрсетілген кемшіліктерді жоюға немесе дәлелді түсініктеме беруге тиісті. Авторлар қолжазбаны журналда қабылданған ережелерге сай дайындап және ұсынуға тиіс.
Егер автор мақаланың қаралуы кезеңінде не ол жарияланғанна кейін мақаланыңелеулі қателігін не дәл еместігін көрсе сол бойда журнал редакциясына хабарлауы тиіс;

Авторлар редакциялық коллегияға немесе баспагерге бастапқы материалдың дұрыстығын дәлелдеуге немесе егер жіберілген қателік туралы редакциялық коллегияға немесе баспагерге үшінші адам арқылы белгілі болса, сол елеулі қателікті түзеуге ұсынуы тиіс.
Рецензиялаушы этикасы

Рецензиялаушы авторлық материалдарға ғылыми сараптама жүргізеді, нәтижесінде оның әрекеті этика қағидаларының орындалуын қорытындылайтын күнілгері кесіп-пішілмеген сипатта болуы тиіс. Рецензиялаушы өзі қызығушылық танытқан қолжазбаларды талқылау мен бағалауға қатыспауы керек. Рецензиялаушы өз ойынша қолжазбаны бағалауға біліктілігі жеткілікті болмаса немесе ұйым мен автор арасында түсініспеушіліктер туындаған жағдайда әділеттілік таныта алмаса немесе қарау уақытының мерзімі созылып кетсе, бұл туралы редакцияға хабарлап және аталған қолжазбаны рецензиялау процесінен бас тартуы тиіс. Рецензиялау үшін алынған қолжазба – танысып шығу үшін немесе талқылау үшін редакция өкілеттілік бермеген үшінші адамға беруге болмайтын құпия құжат ретінде қаралуы тиіс. Рецензиялаушы өзге біреу жазған рецензияға қол қоюға қақысы жоқ.
Рецензиялаушы өздеріне бағытталған қолжазба авторлардың интеллектуалдық меншігі екенін және дабыралап жариялауға жатпайтын мәлімет екенін білуге міндетті. Тек рецензиялаушы мақалада берілген материалдардың бұрмаланған не күмәнді екені жайында мәлімдеген жағдайда ғана құпиялылықты бұзуға болады. Рецензиялаушы бағалап отырған қолжазбаның қандай да болсын өзге жұмыспен елеулі немесе ішінара ұқсастығына, сонымен бірге ереже бойынша сілтемелердің болмау жағдайына, осы не өзге авторлардың бұдан бұрын жарияланған өзге жұмыстарындағы дәлелдер мен тұжырымдарға журнал редакциясының назарын аударуы керек. Рецензиялаушы аталған мақалада дәйексөз ретінде келтірілмеген ұқсас жарияланған жұмыстарды атап көрсетуі тиіс.
Рецензиялаушы зерттеудің баяндалған нәтижесін бағалап және айқын үсынымға негізделген әділ әрі дәлелді баға беруге міндетті.
Рецензиялаушының ескертуі мен ұсынысы қолжазбаның ғылыми деңгейін көтеруге бағытталған әділ әрі түбегейлі болғаны жөн.
Автордың жеке басына, оның ғылыми деңгейіне, ғылыми дүниетанымына, арнайы дайындық деңгейіне қатысты және тб. сыни пікір айтуға болмайды. Рецензиялаушының жұмыстың мазмұны туралы білімді жарыққа шыққанға шейін өз мүддесіне пайдалануға құқы жоқ. Рецензиялаушының мақаланы көшірме нұсқасын жасауға құқы жоқ. Рецензиялаушылар жарияланбаған мақаланың сараптама барысында алынған мәліметтерін тек автордың рұқсатымен ғанан пайдалана алады.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған