Ғылыми мақалалар қолжазбаларын рецензиялау тәртібі

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Хабаршы-Вестник» басылымына жариялау үшін редакцияға келіп түсетін мақалалар міндетті тәртіппен рецензиялаудан өтеді.
1. Журналға келіп түсетін барлық мақалалар міндетті рецензиялауға жатады.
1.1. Ұсыну ережелерін есепке алмай дайындалған, авторлық материалдар жарияланымынсыз және де және автор туралы байланыс мәліметтері жоқ қолжазбалар қарастырылмайды.
2. Рецензиялау процедурасы келесі кезеңдерден тұрады:
2.1. Шығарушы редактор мақаланың журналдың дайындау ережелері мен тақырыптық бағытына сәйкестігін тексереді. Одан кейін мақаланы рецензиялау үшін редакция алқасының бір мүшесіне, ғылыми мамандануы ғылыми мақаланың тақырыбына ең жақын келетін ғылым кандидатына немесе докторына жібереді.
2.2. Мақаланы рецензиялау мерзімі нақты жағдайларға байланысты әртүрлі болуы мүмкін, бірақ он жұмыс күнінен аспауы қажет.
2.3. Рецензияланатын жұмыстың авторы немесе қосалқы автор, сондай-ақ, ғылыми дәрежені алуға талпынушының ғылыми жетекшілері және автор жұмыс істейтін бөліністің қызметкерлері рецензент бола алмайды. Рецензиялар редакциялық алқада талқыланады және олар қолжазбаның қабылдануына немесе кері қайтарылуына негіз болады. Рецензияға рецензиялаушының толық аты-жөні, мерзімі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы және лауазымы көрсетіле отырып, қол қойылады. Редакцияға жолданған мақалаға жіберуші мекеме басшысының (орынбасарының) қолы қойылған ілеспе хат қоса берілуіне болады.
2.4. Мақала рецензиялаушыға автор туралы ешқандай мәлімет көрсетілмеген күйінде беріледі. Рецензияда ғылыми мақалаға объективті түрде баға беріліп, оның ғылыми және әдістемелік артықшылықтары мен кемшіліктері жан-жақты талдануы тиіс. Рецензия редакция ұсынған стандартты формада немесе төмендегі ережелер міндетті түрде көрсетіле отырып еркін формада жазылуы тиіс.
2.5. Рецензия мазмұнында келесі негізгі ережелер болуы керек:
– ұсынылған мақаланың өзектілігі. Бұл тарауда мәселені (проблеманы) көтеру және шешу қажеттілігін тудырған жағдайлардың қысқаша негіздемесі болады;
– мақалада қарастырылатын зерттеу бағытының ғылыми жаңалығы. Мұнда автор қол жеткізген жаңа ғылыми нәтиженің қысқаша сипаттамасы көрсетілуі тиіс (ол нені дәлелдеді, неге қол жеткізді, нені анықтады, белгіледі, ұсынды, т.б.);
– қарастырылып отырған білім саласында теориялық және тәжірибелік тұрғыда одан әрі дамыту үшін көтерілген проблеманың (мәселенің) немесе қол жеткізілген нәтиженің маңызы. Бұл тарауда зерттелетін білім саласында нақты не нәрсе дамытылатыны және тәжірибе жүзінде қалай пайдаланылып, қолданысқа енгізілетіні көрсетілуі қажет;
– материалды зерттеу және статистикалық өңдеу әдістерінің адекваттылығы және заманауилығы;
– зерттеу материалының жеткілікті болуы;
– қол жеткізілген нәтижелерді талдаудың орындылығы;
– шығарылған тұжырымдардың зерттеу мақсаты мен міндеттеріне сәйкестігі;
– әдебиет көздерін (әдебиеттер тізімі) анықтау сапасы;
– қолжазбаның толықтай және оның жекелей элементтері көлемінің талапқа сай болуы (мәтіні, кестелері, көрнекілік материалдары, библиографиялық сілтемелері);
– мақалаға кестелерді, көрнекілік материалдарды орналастыру мақсаттылығы және олардың айтылып отырған тақырыпқа сәйкестігі;
– мақаланың рәсімделу сапасы: стилі, терминологиясы, тұжырымдалуы.
2.6. Рецензияның қорытынды бөлімінде жалпы қолжазба туралы негізді тұжырымдар және оны журналға жариялау мақсаттылығы немесе жетілдіру қажеттілігі туралы нақты ұсынымдар болуы керек. Қолжазбаға теріс баға берілген жағдайда (жариялау қажет еместігі туралы ұсыным болса) рецензиялаушы өз тұжырымын негіздеуі тиіс.
2.7. Рецензиялау нәтижесі бойынша мақала қабылданбауы немесе авторға қайта өңдеу үшін жіберілуі мүмкін.
3. Жариялауға жіберілмеуі тиіс:
редакция талаптарына сәйкес дайындалмаған, авторлары жұмыстарын техникалық өңдеуден бас тартқан мақалалар;
авторлары рецензиялаушының сындарлы ескертпелерін орындамаған немесе ол ескертпелерді дәлелді түрде теріске шығармаған мақалалар;
рецензиялаушы жариялауға ұсыным жасамаған мақала екінші рет қарауға жіберілмейді.
4. Жариялау үшін қабылданған, бірақ қайта өңдеуді қажет ететін мақалалар рецензиялаушының және редактордың ескертпелерімен бірге авторларға жолданады. Авторлар қолжазбаның соңғы нұсқасына қажетті түзетулерді енгізіп, редакцияға түзетілген мәтінді – оның сәйкес электронды нұсқасын қайтаруы тиіс. Қайта өңделгеннен кейін мақалаға тағы рецензия жасалып, редакция оны жариялау мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды. Авторларға түзету үшін жолданған мақалалар қолдарына алғаннан кейін 5 күнтізбелік күннің ішінде редакцияға қайтарылуы керек. Мақалалар одан кешіктіріліп қайтарылған жағдайда жариялану мерзімі өзгереді.
5. Мақала жариялау үшін қабылданса:
журнал редакциясы басуға қабылданбаған қолжазбаны сақтамайды. Жариялау үшін қабылданған қолжазбалар қайтарылмайды. Рецензиялаушыдан теріс нәтиже алған қолжазбалар жарияланбайды және авторға қайтарылмайды. Мақаланы қабылдау және оны журналдың бір нөміріне жариялау туралы соңғы шешім журналдың редакциялық алқасының отырысында қабылданады.
6. Мақаланы жариялауға жіберу туралы оң шешім қабылданған жағдайда редакция бұл туралы авторға хабарлап, жариялану мерзімін айтады.
7. Рецензияланғаннан кейін жариялау қажеттілігі туралы соңғы шешімді редакциялық алқа қабылдайды.
8. Редакторлар қолжазбаға қатысты мәліметтерді (оны алғаны, мазмұны, рецензиялау үрдісі, рецензиялаушылардың сыни ескертпелері және соңғы шешім туралы мәліметтерді қосқанда) тек авторлар мен рецензиялаушылардың өздерінен басқа ешкімге айтпайды.
9. Рецензиялаушыларға өз қажеттіліктері үшін қолжазбалардың көшірмесін түсіріп алуға рұқсат берілмейді және рецензияланатын қолжазбаның бір бөлігін редакторлардың рұқсатынсыз басқа адамға беруге тыйым салынады. Рецензиялаушылар, сондай-ақ, редакция қызметкерлері жұмыс мазмұны туралы мәліметтерді ол жарияланғанға дейін өздерінің жеке мүдделеріне пайдалануларына болмайды. Қолжазбалар авторлардың жеке меншігі болып табылады және көпшілікке жариялауға болмайтын мәліметтерге жатады.
10. Егер мақаланың жариялануы біреудің авторлық құқына немесе ғылыми этиканың жалпыға ортақ нормаларына нұқсан келтірсе, журнал редакциясы жарияланған мақаланы алып тастауға құқылы.
11. Мақалаларды қарау мерзімі – 10 күннен аспауы керек.
12. Рецензиялардың түпнұсқасы «Хабаршы-Вестник» журналының редакциясында үш жылға дейін сақталады. Соның ішінде құзыретті органдарға сұрау бойынша ұсыну үшін.
13. Рецензиялар сарапшылар кеңесінің сұрауы бойынша ұсынылуы мүмкін.

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*