Басқы бет / «Сақшы» газеті / Уақыт тынысы / Ардагер құтқарушы марапат алды

Ардагер құтқарушы марапат алды

5 желтоқсанда Петропавл қаласында «Қызыл жарты айдың» облыстық филиалы Халықаралық волонтер күнін атап өтті.
ҚЖА облыстық филиалы ұйымдастырған іс-шараға түрлі ұйымдардың өкілдері және облыстың мекемелері, оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД қызметкерлері қатысты.
Көп жылдар бойы Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті және «Қызыл жарты ай» облыстық филиалы тығыз және жемісті ынтымақтастықты жүзеге асырып келеді. Олардың ортақ мақсаты – төтенше жағдайларда адамдарға көмектесу, халықты күрделі, ерекше жағдайларда қауіпсіздіктің негіздеріне үйрету. Олар бірге бірнеше іс-шара өткізді: балалармен жаттығулар мен ойын жарыстары, гуманизм қағидаттарын дамытуға, зардам шеккендерге алғашқы көмек көрсетуде білім мен практикалық дайындықты жақсартуға, ТЖ әрекеттерге бағытталған қызметкерлермен семинарлар мен конференциялар, т.б.
«Қызыл жарты айдың» белсенді еріктілерінің бірі – азаматтық қорғаныс органдарының ардагері Еркін Жұматаев. Ол филиал қызметінің нәтижесінде 2017 жылдың үздік волонтері атанды. «Қызыл жарты ай» филиалының директоры Сәуле Оразова Еркін Мерекеұлын ерікті қозғалыстың дамуына үлес қосқаны, ағымдағы жылы су тасқынында зардап шеккендерге көмек көрсеткені үшін медальмен, алғыс хатпен және естелік сыйлықпен мараппатады.
Еркін Жұматаев облыстық ТЖ департаментінде 16 жылдан астам жұмыс істеді. Қалалық бөлімдердің бірінде бөлімше командирі болып бастаған, ал зейнеттік демалысқа азаматтық қорғау майоры шенінде кетті. Еңбек қызметі кезінде ол ондаған өртті сөндірді, апаттық-құтқару жұмыстарына қатысып, төтенше жағдайлар салдарын жойды, көптеген адам өмірін құтқарды. Ол бірқатар ведомствалық және мемлекеттік мараппартға ие, оның ішінде өрт кезінде сегіз адамды құтқарғаны үшін ІІ дәрежедегі «Айбын» ордені де бар.
Денсаулық жағдайына қарамастан, ол әлі күнге дейін департаменттің және «Қызыл жарты ай» филиалының барлық іс-шараларының ортасында жүреді, сонымен қатар, «СҚО бойынша өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың Спорттық Федерациясы» директоры болып табылады. Ол өрт сөндіру-құтқару спортын ТЖ ведомствосында және облыс жастары арасында дамытуға атсалысып келеді. Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша жарыстар ұйымдастырып, ТЖД қызметкерлері құрамасын және Петропавл қаласындағы жетім балалар интернатының командасын жаттықтырады.
Осындай белсенді өмірлік ұстанымға ие болу үшін батылдық, қуат, өмірге деген құштарлық қажет. Еркін әрдайым мейірімділігімен, көңілділігімен, оптимизмімен ерекшеленеді. Сондықтан Халықаралық Волонтер күні марапат өзінің батырын тапты деп айтуға болады.

Наталья ПОПОВА, Солтүстік Қазақстан облысы

Сондай-ақ, оқыңыз

Полиция – қоғам көзімен

Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған