Басқы бет / «Сақшы» газеті / Уақыт тынысы / Полиция – қоғам көзімен

Полиция – қоғам көзімен

Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында өткен «Полиция – қоғам көзімен» атты кәсіби және әуесқой фотосуретшілер байқауының марапаттау рәсімі өтті.
Қараша айының 28-29 күндері Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайының көрме залында өткен көрмеге жамбылдықтар 100-ге жуық туынды ұсынған болатын. Маңызы жөнінен әрбір тұрғынның қатысу мүмкіндігі бар демократиялық бағыттағы бұл байқаудың басты кейіпкерлері тек полицейлер ғана емес, сонымен қатар, қарапайым азаматтар болып табылатын өзіндік сюжетімен ерекшеленді.
Марапаттау рәсімінде алғаш болып сөз алған Жамбыл облыстық ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Тілеген Маткенов: «Бұл байқау азаматтардың полиция қызметкерлері турасында көп білетіндіктерін көрсетіп отыр. Біз алдымен тұрғындардың мүддесі үшін қызмет жасаймыз және олардың біздің жұмысымызға ұдайы баға беретінін естен шығармаймыз», – деді.
Қазылар алқасы ақылдаса отырып, ұсынылған туындылардың деңгейі, мазмұны мен идея ерекшелігі, сондай-ақ, орындау техникасы мен сапасы секілді критерийлер бойынша жұмыстарды бағалады.
Көп күттірген байқау қорытындысы бойынша 1-орынды туындысының мазмұнымен, өте жоғарғы көркемдік деңгейі және орындау техникасымен ерекшеленген ең үздік фотосурет авторы Ақәділ Рысмахан жеңіп алды. Жеңімпазға 1-дәрежелі диплом мен 50 000 теңгенің сертификаты тапсырылды. 2-дәрежелі диплом және 40 000 теңгенің сертификаты Ольга Щукинаға табыс етілді. Ал, жүлделі 3-орын мен 20 000 теңгенің сертификатын Алтынбек Қартабай иеленді.
Байқау жеңімпазы Ақәділ Рысмахан іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және бұл байқау жылдан-жылға тұрғындардың қызығушылығын арттырып, қатысушылардың саны көбеіп келе жатқанын айтып, ұйымдастырушыларға өз атынан алғысын айтты.

Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

Ардагер құтқарушы марапат алды

5 желтоқсанда Петропавл қаласында «Қызыл жарты айдың» облыстық филиалы Халықаралық волонтер күнін атап өтті.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған