Басқы бет / «Сақшы» газеті / Уақыт тынысы / Заңнаманы жетілдіру – заман талабы

Заңнаманы жетілдіру – заман талабы

Көліктегі ІІД-де «Құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын жүзеге асыру бойынша Тергеу департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қайрат Нұрмағамбетовтің төрағалық етуімен семинар-кеңес өтті.
Оған Көліктегі ІІД аппараты және Астана стансасындағы ІІЖБ мен Астана әуежайындағы ІІЖБ жеке құрамы қатысты. Жиналғандар алдында полиция полковнигі Қайрат Қобланұлы аталған заң жобасының Парламент қарауына енгізілгенін және осы жаңғырту арқылы Қылмыстық іс жүргізу кодексіне, сондай-ақ, «Жедел-іздестіру туралы» және «Прокуратура туралы» заңдарына толықтырулар енгізу көзделгенін атап өтті.
«Заң жобасы адам құқықтарын қорғау деңгейін нығайтуға, тараптардың бәсекелестігін арттыруға, сот бақылауын кеңейтуге, тергеу процедураларын жеңілдетуге, сондай-ақ, тергеу органдарының, прокуратураның және соттың өкілеттіктерін дәлме-дәл бөлу мен бір-бірінің жұмыстарын қайталауға жол бермеуге бағытталған бес негізгі компоненттен тұрады», – деді Қ. Нұрмағамбетов.
Өз кезегінде Тергеу басқармасының бастығы, полиция полковнигі М. Құланбаева аталған заң жобасының қылмыстық істерді сотқа дейінгі тергеу процесіне елеулі өзгерістер енгізетінін атап өтті. Оның айтуынша, заң жобасының маңызды тұстарының бірі – азаматтарды соттың санкциясынсыз ұстау мерзімін 72 сағаттан 48 сағатқа дейін қысқарту, ал кәмелетке толмағандар үшін 24 сағатқа дейін қысқарту болып табылады. Бұдан бөлек, полиция полковнигі М. Құланбаева заң жобасы қылмыстық іс жүргізу заңнамасын электронды технология мүмкіндіктерін пайдалану арқылы тергеудің көптеген тетіктері жеңілдетілген әрі дамыған Еуропа елдерінің стандарттарына сәйкестендіруге мүмкіндік беретінін атап өтті. «Қағаз нұсқасындағы қылмыстық іс-құжаттарды жүргізумен қатар электронды форматтағы қылмыстық істі енгізу – қылмыстарды тіркеуден бастап сотқа дейінгі тергеп-тексеруді, сот сараптамасын және жазалардың соңына дейін орындалуға дейінгі бүкіл қылмыстық процесті қамтиды. Барлық процесс ашық және жариялы түрде жүргізілетін болады», – деп толықтырды полиция полковнигі.
Семинар-кеңес барысында қылмыстық процестерді реформалау және құқық қорғау қызметінің басқа да аспектілерін жетілдіру Ұлт жоспарын практикалық тұрғыда жүзеге асыру мақсатында өткізіліп отырғандығы анықталды.
Семинар-кеңесті өткізу кезінде қатысушылар алдағы реформалар бойынша пікірлерімен бөлісті және кеңес соңында заңнамалық бастамаға оң баға беріліп, қатысушылар Тергеу департаменті қызметкерлеріне сынақ тапсырды.

Көліктегі ІІД баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

Ардагер құтқарушы марапат алды

5 желтоқсанда Петропавл қаласында «Қызыл жарты айдың» облыстық филиалы Халықаралық волонтер күнін атап өтті.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған