Басқы бет / «Сақшы» газеті / Қызмет / Есілдегі ескерту шаралары
?

Есілдегі ескерту шаралары

3 желтоқсанда елордалық ТЖ департаменті мен қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметі қызметкерлері бірлесіп, Есіл өзенінде рейд өткізді.
Профилактиқалық іс-шаралар өткізу аясында 12 рейд ұйымдастырылып, Есіл өзені бойында 26 балықшы мен 12 азаматқа ескерту жасалды. Өткізілген жұмыстардын арқасында қауіпті орыннан 5 шатыр алынып тасталды.
Мұздағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін үгіттеу кітапшалары мен буклеттер, сонымен қатар, азаматтарға үзілмелі қауіпсіздік талондары таратылды.
Қазіргі таңда қалалық балықшылар «Radisson» қонақ үйі аймағында мұз үстіне шатырлар тігіп отырады. Кейбір учаскелерде балықшылар саны 20 адамға дейін жетеді, олар әр учаскеде 7 бұрғылау шұңқырын жасаған. Бұдан мұз ойылып кету қаупі бар.
Ішкі істер органдары жүргізіп жатқан шаралар біздің азаматтардың өмірлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталғандығын ескеру қажет.

Астана қалалық ТЖД баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

Арнайы көліктер табысталды

Жуырда Алматы облысының әкімі Амандық Баталов салтанатты жағдайда аймақтың ТЖД жеке құрамына жол талғамайтын 10 …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған