Басқы бет / «Сақшы» газеті / Қызмет / Арнайы көліктер табысталды

Арнайы көліктер табысталды

Жуырда Алматы облысының әкімі Амандық Баталов салтанатты жағдайда аймақтың ТЖД жеке құрамына жол талғамайтын 10 арнайы құтқару авто-техникасының кілтін тапсырды.
Сонымен бірге, аймақ полициясы 29 арнайы автокөлік алды. Аймақтың басшысы өз сөзінде соңғы жылдары құтқарушылардың және құқықтық тәртіп қорғаушылардың материалдық-техникалық жабдықталуы анағұрлым жақсарғаны туралы айтып өтті.
Барлық құтқару техникасы техногенді және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың орнына құтқарушыларды және арнайы жабдықтарды уақытылы жеткізуге, сондай-ақ, апаттық-құтқару жұмыстарын және басқа да жедел жұмыстарды жүргізуге арналған.
Алынған техника облыстың Алакөл, Сарқан және Қапшағай сияқты аудандарына ТЖ кезінде зардап шеккен адамдарды құтқару кезінде пайдалану үшін жіберіледі.
Айта кеткен жөн, осы жылы Алматы облысының аумағында 7 өрт сөндіру бөлімінде күрделі жөндеу жүргізілуде, оның 2-і жергілікті бюджет тарапынан жүзеге асырылып жатыр. Одан бөлек, Алматы облысы әкімдігінің арқасында қазіргі заманның құтқару жабдықтары, автоцистерналар, медициналық жедел құтқарудың жылжымалы кешені, цифрлық теле және радиотаратуды қағып алумен құлақтандыру жүйесі, «112» телефон нөміріне шақыруды өңдеу орталығының жабдықтары сатып алынуда.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

Есілдегі ескерту шаралары

3 желтоқсанда елордалық ТЖ департаменті мен қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметі қызметкерлері бірлесіп, Есіл өзенінде …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған