Басқы бет / «Сақшы» газеті / Қызмет / Қоғамдық тәртіптің қорғаушысы

Қоғамдық тәртіптің қорғаушысы

Полиция қызметкері – қоғамдық тәртіптің басты қорғаушысы. Ол заңға бағынатын азаматтардың денсаулығы мен мүлкі толығымен қауіпсіздікте болуын қадағалайды.
Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық ІІБ Абай ПБ-нің жұмысы туралы аз-кем тоқталып өтсек. Сарыағаш аудандық ішкі істер саласы қызметкерлерінің негізгі міндеті – аудан көлеміндегі қылмыстың алдын алу, болдырмау және орын алған қылмыстарды дер кезінде ашу. Ішкі істер органдарының түрлі салалары қызметкерлерінің қоғамдық тәртіпті сақтауда өзіндік жеке-жеке міндеттері бар, қылмысты іздестіруші жедел уәкілдер, анықтаушы, тергеуші, жол-патрульдік, учаскелік, ювеналды полиция инспекторлары және тағысын тағылар. Сайып келгенде тәртіп сақшыларының құқықтық тәртіпті қорғау бағытындағы қажырлы жұмыстары елдің біртұтас тыныштығын сақтап тұрғаны рас.
Олардың бүгінгі қызмет ауқымын бір мақалада жан-жақты қамту мүмкін емес. 2017 жылдың басынан бері Сарыағаш Абай полиция бөлімі көлемінде тіркелген қылмыстар саны өткен жылмен салыстырғанда төмендегенін байқауға болады. Қоғамдық орындарда, көшеде жасөспірімдер тарапынан орын алатын, мас күйінде және топтасып жасалатын қылмыстардың саны едәуір азайды. Орта дәрежелі, онша ауыр емес және ауыр деңгейдегі қылмыстардың ашылу көрсеткіші біршама жақсарған. Есепті мерзімде есірткі затына қатысты жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды ашу және анықтау көрсеткіші жақсарып, есірткі заттары тәркіленді. Мысалы, Абай ПБ-нің қызметкерлері жедел іс-шаралар жүргізу барысында есірткі затын сақтағаны үшін іздеуде жүрген Сарыағаш ауданының 1976 жылғы тұрғыные тұрғынын ұстады. Сондай-ақ, қыркүйек айында полицейлері 41 жастағы азаматтың үйін тексеру барысында ауласынан бірнеше кептірілген түп құрамында марихуанаға ұқсас есірткі заты табылды. Сот-криминалистикалық сараптамасына сәйкес тәркіленген зат шамамен 200 грамм «кептірілген марихуана» есірткі заты екені анықталды. Аталған жайт негізінде Сарығаш аудандық ІІБ Абай ПБ-нің СДТБТ-не ҚК-тің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бабымен тіркелді. Тергеу барысында күдіктіге ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылғанымен, күдікті азамат полиция қызметкерлерінен белгісіз бағытқа бой тасалаған. Абай ПБ-нің полиция қызметкерлері бір ай көлемінде күдіктіні қайта құрықтады. Қазіргі уақытта полицейлер қылмыстың барлық мән-жайын анықтауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Сонымен қатар, бүгінгі таңда аудан көлемінде өзекті тақырыпқа айналып отырған мал ұрлығы қылмыстарының алдын алу, жолын кесу, болдырмау бағытында біраз жұмыстар атқарылып келеді. Полиция қызметкерлері тарапынан бөтен мүлік ұрлығының алдын алу мақсатында да облыс тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, малдарды қараусыз жібермей, күзетті күшейту керектігі жайлы ақпараттар берілуде. Атап айтсақ, Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері Сарыағаш ауданында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топты ұстады. Қыркүйек айында Сарыағаш аудандық ІІБ Абай ПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Онда белгісіз тұлғалар мал қорасынан 20 бас қойын ұрлап, 600 000 теңге көлемінде материалдық шығын келтіргенін көрсеткен. Аудандық жедел уәкілдердің жүргізген жедел-іс-шаралар барысында қылмысқа қатысы болуы мүмкін күдікті, 1996 жылы туған облыстың 3 тұрғыны ұсталды. Қазіргі таңда полицейлер күдіктілердің өзге де қылмысқа қатыстылығын анықтауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Барымташылар қамауда отыр.
Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері жол-көлік оқиғасынан қашып кеткен жүк көлік жүргізушісін ұстады. Сарыағаш аудандық ІІБ Абай ПБ-нің кезекші бөліміне Жібек жолы-Жетісай тасжолында жол-көлік оқиғасы орын алғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына келіп жеткен полицейлер «Ман» жүк көлігінің қарсы бағытқа шығып кетіп, «Фольксваген-Пассат» автокөлігімен соқтығысқанын анықтады. Жүк көлігінің жүргізушісі жол-көлік оқиғасы орнынан қашып кеткен. 67 жастағы «Фольксваген» автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмған. 9 жолаушы, оның ішінде 11 және 15 жастағы екі бала дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Дәрігерге көрінген соң зардап шеккендердің бесеуі үйіне қайтарылды. Аталған жайт ҚК-тің 345-бабы «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша СДТБТ-не тіркелді. Жүк көлігінің жүргізушісіне іздеу жарияланды. Сарыағаш аудандық ІІБ Абай ПБ-нің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жасырынып жүрген жүргізушіні ұстады. Ол Сарығаш ауданының 1980 жылы туған тұрғыны болып шықты. Өз кінәсын толық мойнына алды. Күдікті қамауда. Бірнеше срапатама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
19 қыркүйек күні Сарыағаш аудандық ІІБ Абай ПБ-нің кезекші бөліміне Абай ауылының жедел жәрдем экипажынан 1987 ж.т. Сарыағаш ауданының тұрғыны электр тоғына түсіп қайтыс болғаны жайлы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы тексеру амалдарын жүргізу барысында анықтағаны, 19 қыркүйек күні қайтыс болған әйелдің 7 жасар баласы мектептен келгенде үйінің терезесінен өрт шығып жатқанын байқап, 1958 ж.т. көрші апасына хабарлаған. Өртеніп жатқан үйге көршілері көмекке келіп, қайтыс болған әйелдің денесін үйден шығарып алған. Ағайын-туыстары қайтыс болған әйелдің денесін көрші үйдің біріне алып барып, салт-дәстүрге сай ақ матаға орап қойған. Бастапқыда жедел тергеу тобының қызметкерлеріне мәйітті көрсетуден бас тартқан. Бірақ, полиция қызметкерлері ағайын-туыстарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде қайтыс болған әйелге сот-медициналық сараптамалар жүргізуге келісім берген. Сот-медициналық сараптамасы нәтижесінде 1987 ж.т. азаматшаның денесінің көкірек және қарын тұсында кесіп-тесілген жарақаттар бар екенін, сол жарақаттар себебінен қайтыс болғанын және қылмыскер қылмысын жасыру мақсатында оқиға орын алған жерді өртеп кеткені белгілі болды.
Аталған жайт Сарыағаш аудандық ІІБ Абай ПБ-нің СДТБТ-не ҚК-нің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша тіркелді. Күдікті ретінде алғашқыда оның жолдасы 1985 ж.т. Сарыағаш ауданының тұрғыны ұсталған болатын. ПБ-нің ізкесушілердің тыңғылықты тексеру іс-шараларының нәтижесінде нағыз қылмыскер 1990 ж.т. Сарыағаш ауданының тұрғыны екені анықталды. Күдікті бұрын-соңды сотты болмаған. Ол кінәсін толық мойындап отыр. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіп, қылмыстық іс сотқа жолданды. Күдікті қамауда.
Елбасымыз: «Дамыған қоғам барлық жерде тәртіп пен реттілік орнатудан, жайлы подъезден, жинақы ауладан, таза көшеден және жарқын жүзді адамдардан басталады. Біз ең ұсақ құқық бұзушылықпен, бұзақылықпен, мәдениетсіздікпен ымыраға келмеуіміз керек», – деген болатын. Тәртіпсіздік пен бетімен кетушілікті сезіну одан да елеулі қылмыстарға жол ашады. Ұсақ құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік ахуалы – қоғамдық тәртіпті нығайтуға, қылмыспен күреске бастайтын маңызды қадам. Осыған байланысты, ішкі істер органдары жүргізген профилактикалық шаралардың нәтижесінде, облыс көлемінде «Мүлдем төзбеушілік» қағидатына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық деректері анықталды. Жыл көлемінде осындай құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған «Таза аймақ», «Тазалық апталығы» профилактикалық іс-шаралары мен «Мүлдем төзбеушілік» акциясы үнемі ұйымдастырылып отырады. Сонымен қатар, Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің халыққа арнаған кезекті Жолдауында: «Мен «Жастар – біздің болашағымыздың тірегі» дегенді әркез айтып келемін. Мемлекет жаңа буынның алдында барлық есіктер мен жолдарды ашты. «Нұрлы жол», міне, біздің креативті, ырғақты жастарымыздың күш-жігер жұмсап, құлаш сермейтін тұсы осы», – деген болатын. Осыған орай, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, жастардың қоғамдық орындарда өздерін ұстай білу мәдениетін дамыту, аулалар мен демалатын орындардағы мемлекеттік мүліктерді бүлдіру, ұрлықтың алдын алу, кез келген тәртіпсіздікке «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру шараларын күшейту мақсатында біз үнемі жоғары, орта арнаулы оқу орындарының студенттерімен, мектеп оқушыларымен кездесу ұйымдастырып келеміз.
Полиция қызметкері – физикалық тұрғыда мықты, жүйкесі берік және шапшаң әрекет ете алатын, барынша адал және әділетті адам болуы тиіс. Сонымен қатар, аңғарғыш және жақсы психолог, ол топтың ішінен күдіктіні бірден анықтап, дер кезінде тәртіп бұзу оқиғаларын болдырмауға қабілетті болуы тиіс. Солай болатынына сенеміз.

Рүстем ТҰҢҒЫШБАЕВ,
Сарыағаш аудандық ІІБ Абай ПБ бастығы,
полиция подполковнигі

Сондай-ақ, оқыңыз

Есілдегі ескерту шаралары

3 желтоқсанда елордалық ТЖ департаменті мен қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметі қызметкерлері бірлесіп, Есіл өзенінде …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған