Басқы бет / «Сақшы» газеті / Қызмет / Жаңа техникамен толықты

Жаңа техникамен толықты

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Атырау облысының әкімдігі бөлген бюджеттік қаражатты жоспарға сай игеруде.
Жуырда департаментке қарасты мекемелер үшін қарда және балшықта жүруге арналған «Трэкол-39294» техникасы сатып алынды.
Департамент бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Өмірзахов Сағынбек, департамент бастығының орынбасары, полковник Замир Бердашев, Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Абдулқапар Жұмановтың тікелей қатысуымен техника қабылданды.
«Трэкол-39294» жол талғамайтын көлігінің басты артықшылығы – бұл жоғары өтімділігі, сенімділігі. «Трэкол-39294» шанағы өте төмен жылу өткізгіштігімен және су сіңіруімен, -60°С-тан +60°С-ға дейін қолдану мүмкіндігімен ерекшелінеді. Арнайы жоғары көлемді шиналарының арқасында батпақта батпайды. Соның арқасында кәдімгі қарда және жол жоқ жерлерде оңай жүреді. Шиналар өзінің формасын топыраққа сай өзгертеді, сондықтан рельефтің бұдырларына жақсы бейімделеді. Машинаның жүк көтергіштігі 700 кг дейін болса, ал жолаушылар сыйымдылығы – 8 адамға дейін.
Техника жетуге жолы қиын, алыс жерлерден зардап шеккендерді эвакуациялауды, облыстың аудандарында төтенше жағдайлар болған кезде дәрі-дәрмек, азық-түлік, алғашқы керекті тауарларды жеткізу мақсатында қолданылады.

Атырау облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Сондай-ақ, оқыңыз

Есілдегі ескерту шаралары

3 желтоқсанда елордалық ТЖ департаменті мен қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметі қызметкерлері бірлесіп, Есіл өзенінде …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған