1000 полицей дайындықтан өтті

Бір жылдан астам уақыттан бері полиция майоры Мадияр Құсайынов басқарып отырған Арнайы дайындық басқармасы (АДБ) облыстық ішкі істер департаменті құрылымында жұмыс істеп келеді.
«Тәртіп сақшыларына қойылатын негізгі талаптардың бірі – кәсіби және дене шынықтыру даярлығы. Оқытуды ұйымдастыру үшін күнтізбелік жоспар жасалып, дайындық өткізетін кадрлар оқу топтарына бөлініп, қарудан ату, дене шынықтыру және жауынгерлік дайындықтар бойынша топтарға басшылық бекітілген», – деп атап өтті Мадияр Құсайынов.
Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап Алматы облысында алты күндік оқу-жаттығу жиындарын өткізу жалғасуда. Қазіргі күні сыртқы қызметтердегі 1000-ға жуық полицей дайындықтан өтті.
«Оқу-жаттығу кезінде атыс қаруын мүмкіндігінше көп пайдаланылады, сондай-ақ, жеке құрамды дайындау үшін тактикалық дайындық бойынша жеңіл қару-жарақ қолданылады», – дейді АДБ бастығы.
Емтихан қабылдау уақытында қызмет етіп жүрген полиция қызметкері дене шынықтыру дайындығын тапсыруға міндетті. Тапсырмаған жағдайда аттестацияның басқа да сатыларына жіберілмейді. Ал ІІО-на жаңадан қабылданатын үміткерлерге келетін болсақ, олар тек дене шынықтыру дайындығы бойынша көрсеткіштерді тапсырады. Содан кейін ғана сайыстың басқа сатыларынан өтеді.

Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*